ҚР ҰЭМ СК Атырау облысының Статистика Департаментінің Персоналды басқару қызметінің жетекші маманы (уақытша, 23.10.2020ж. дейін бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне)

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Сонымен қатар, заңгер мамандығы бар адамдар қатыса алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

Персоналды басқару қызметінің жұмысын орындау. Кадр қызметі бойынша белгіленген құжаттардың, қызметкерлердің есебін жүргізу. Мемлекеттік қызметшінің еңбек өтілі комиссиясы жұмысын қамтамасыз ету. Ұлттық қауіпсіздік Комитеті мен Ішкі Істер Басқармасы органдарында мемлекеттік қызметкерлерді арнайы тексеру жүргізу. Департамент қызметкерлерінің кезекті еңбек демалыстарының кестесін дайындау. Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау бойынша жоспар жасақтау. Іссапар жоспарын жасақтау. Істер номенклатурасын жасақтау және мұрағатқа тапсырылатын істердің мерзімін анықтау және керекті құжаттармен рәсімдеу. Жеке құрам, іссапарлар, демалыстар бойынша және басқа да бұйрықтарды дайындау. Қызметкерлердің жұмыс орны жөніндегі анықтамаларды дайындау. Кадр қызметі бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментімен тығыз жұмыс жасау. Кадр қызметіне қатысты семинар, кеңес, нұсқау беру жиналыстарын ұйымдастыру және өткізуге қатысу. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Сапа менеджменті жүйесі бойынша құжаттамаларды жүргізуді қамтамасыз ету. Бас маман болмаған жағдайда, оның қызметтік міндеттерін орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.06.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.06.2020 – 29.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

03.07.2020

Сұхбаттасу орны

г.Атырау, ул. Махамбета, 116 «б»

Анықтама алу үшін байланыс

8(7122)32-42-56