ҚР ҰЭМ СК Атырау облысының Статистика департаментінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының жетекші маманы

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

Статистикалық жұмыс жоспарында көрсетілген статистикалық байқауларды уақытылы және сапалы орындау, «Е-қызмет», ЭҚАБЖ-мен жұмыс жасай білу. Әлеуметтік және демография статистикасы бойынша статистикалық есептілікті жинау, тексеру және бақылау жасауды жүзеге асыру. Респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету. Әлеуметтік және демография статистикасы бойынша жедел-ақпараттарды, статистикалық жылнамалықтарды және өзге де материалдарды өз уақытында сапалы дайындау. Респонденттермен және аудандық статистика басқармаларымен семинар кеңес ұйымдастыру. Басқарманың істер номенклатурасын жасақтау және мұрағатқа жіберілетін құжаттарды дайындау. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің, Статистика департаментінің және басқа да ұйымдастырылған семинар-кеңестерге қатысу. БАҚ-мен, мемлекеттік органдармен және респонденттермен жұмыс істей білу. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада бас маман болмаған жағдайда, оның қызметтік міндетін атқару.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.06.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.06.2020 – 29.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

03.07.2020

Сұхбаттасу орны

г.Атырау, ул. Махамбета, 116 «б»

Анықтама алу үшін байланыс

8(7122)32-42-56