ҚР ҰЭМ СК Атырау облысының Статистика департаментінің Заң басқармасының жетекші маманы
Атырау облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Қосымша талаптар
Сонымен қатар заңгер мамандығы бар адамдар қатыса алады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңңамаларына сәйкес респонденттерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзған респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша процессуалдық жұмыстарды жүргізу, құжаттарды дайындап басшылықтың қарауына ұсыну. Респондент туралы деректер жоқ болған кезде заңнамада белгіленген тәртіпте әділет және мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл арқылы оларды алу бойынша процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру жұмыстарын жүргізу. Департаменттің салалық және аудандық басқармаларынан, Респонденттермен жұмыс басқармасынан алынған, «е-Статистика» ИАЖ-да байқаулар қорытындылары бойынша автоматты режимде қалыптастырылатын тізімдерге және Тіркелімдер басқармасынан алынатын респондент туралы байланыс деректеріне сәйкес алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбаған респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді уақтылы қозғау. Басшылықтың және басқарма басшысының тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау, өз құзыреті шегінде кіріс және шығыс құжаттары бойынша тұжырымдарды уақытылы дайындау. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша айыппұл салынған қаулылардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету, мерзімінде төленбеген айыппұлдар бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының ай сайынғы деректері негізінде төленбеген айыппұлдарды өндіріп алу бойынша процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің аумақтық органымен әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша жүргізілетін жұмыстардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Заң басқармасының істер номенклатурасын жасақтау және мұрағатқа жіберілетін құжаттарды дайындау. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Басқармада бас маман болмаған жағдайда, оның қызметтік міндеттерін атқару.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 03.07.2020
- г.Атырау, ул. Махамбета, 116 «б»
-
8(7122)32-42-56