ҚР ҰЭМ СК Атырау облысының Статистика департаментінің Заң басқармасының басшысы

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-3 (Басқарма басшысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

141576 - 191482

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Қосымша талаптар

Сонымен қатар заңгер мамандығы бар адамдар қатыса алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметіне басшылық жасау. Басқарманың жұмысын жоспарлау мен үйлестіруді ұйымдастыру. Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне құқықтық (тәжірибелік) көмек көрсету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмалар мен бұйрықтардың белгіленген мерзімде  орындалуын қамтамасыз ету. Департамент қызметі бойынша  шығарылатын бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер және құқықтық сипаттағы басқа да актілер жобаларының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне сараптама  жүргізу, басшыға қол қоюға ұсынғанға дейін оларға қол қою. Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің, әдіснамалардың, әдістемелердің, әдістемелік нұсқаулардың әзірленетін жобаларына ұсыныстар енгізу, әзірлеуге қатысу. Статистика саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Өз құзыреті шегінде кіріс және шығыс ақпарат бойынша құжаттар мен тұжырымдарды уақытылы дайындауды жүзеге асыру, жоғары тұрған басшылықтан алатын өзге тапсырмаларды орындау. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру, Департаментте жалпы құқықтық оқытуларды ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралары бойынша жұмыстар жүргізу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын ұйымдастыру. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобаларын заңдық сүйемелдеу. Өтеулі негізде қызмет көрсету шарттарының заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз ету. Әкімшілік дереккөздерге және респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізуді құқықтық сүйемелдеу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңңамаларына сәйкес респонденттерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзған респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша процессуалдық жұмыстарды жүргізу, құжаттарды дайындап басшылықтың қарауына ұсыну жұмыстарына басшылық жасау. Респондент туралы деректер жоқ болған кезде заңнамада белгіленген тәртіпте әділет және мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл арқылы оларды алу бойынша процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру жұмыстарына басшылық жасау және жүзеге асыру. Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерін уақытылы ұсыну бағытында Департаменттің салалық басқармаларымен өзара іс-қимыл әрекеттерін жүзеге асыру. Тіркелімдер және Респонденттермен жұмыс басқармаларымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы респонденттермен бұзу фактілері бойынша тығыз жұмыс жасау. Департамент қызметінің мәселелері бойынша хаттардың, хаттамалардың және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне қарау, оларды келісу. Департаментте жүргізілетін отырыстарда жүргізілген құқықтық жұмыстар туралы ақпаратты дайындау. Департаменте құрылған комиссиялар жұмыстары бойынша заңнамалық кеңестер беру, өз құзіреті шегінде құқық қорғау, прокуратура, сотта және басқа да мемлекеттік органдарда Департамент мүддесін білдіру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау бойынша материалдарды қарау кезінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Статистика саласындағы заңнамаларға байланысты өткізілетін семинар-кеңестерге қатысу. Сапа менеджменті жүйесінің жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.06.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.06.2020 – 29.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

03.07.2020

Сұхбаттасу орны

г.Атырау, ул. Махамбета, 116 «б»

Анықтама алу үшін байланыс

8(7122)32-42-56