Баға статистикасы бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты) 1 бірлік (№09-4).
Жетісу облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
«Бизнес, басқару және құқық»; «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» (математика, статистика, биотехнология); «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету); «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (автоматтандыру және басқару, азық-түлік өнімдерінің технологиясы (сала бойынша), инженер-технолог, жерге орналастыру, кадастр); «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Қызмет көрсету» (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру, туризм, логистика (сала бойынша)) бөлімдерінің мамандықтары және экономист, бухгалтер, өнеркәсіпті жоспарлау мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Функционалды блок "А"
Функционалды міндеттер
Статистикалық мәліметтердің уақытылы, сапалы, дәйектілігін қамтамасыз ету;статистикалық ақпараттардың дұрыс және сапалы толтырылуын бақылау, талдау, серпінділік қатарын жүргізу, материалдарды департаменттің сайтына отырғызу; Ұйымдар мен кәсіпорындарда алғашқы есеп пен есептіліктің дұрыстығын тексеру, есептік деректердің дұрыстығына тексеруді ұйымдастыру және жүргізу. Тексеруді қорытындылау; Нұсқаулық шолу хаттарын дайындау, нұсқаулар мен семинарлар өткізу; Мәліметтердің сақталу және архивталу жүйесінің қызметін, статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Е-статистика жұмысын алып жүру; заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету; Мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Талдықорған қаласы, Қаратал мөлтек ауданы 22«Б»
-
8(728)241-39-18