Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты) 1 бірлік (№08-4)

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    «Бизнес, басқару және құқық»; «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» (математика, статистика, биотехнология); «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету); «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (автоматтандыру және басқару, жерге орналастыру. кадастр, инженер-технолог); «Қызмет көрсету» (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру, туризм, логистика (сала бойынша)) бөлімдерінің мамандықтары және экономист, бухгалтер мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

    Функционалды блок "А"

    Функционалды міндеттер

    Есептілік пен біржолғы зерттеу материалдарын талдау; облыс төлқұжаты мен серпінділік қатарын жүргізу, экономикалық шолуларды шығару; Өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау, экономикалық шолу шығару; Статистикалық жұмыстардың сапалы, уақытылы, дұрыс  орындалуына бақылау жасау. Ұйымдар мен кәсіпорындарда алғашқы есеп пен есептіліктің дұрыстығын тексеру, есептік деректердің дұрыстығына тексеруді ұйымдастыру және жүргізу. Тексеруді қорытындылау; Нұсқаулық шолу хаттарын дайындау, нұсқаулар мен семинарлар өткізу; Мәліметтердің сақталу және архивталу жүйесінің қызметін, статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Е-статистика жұмысын алып жүру; заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету; Мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 26.12.2022

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    27.12.2022 – 06.01.2023
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Талдықорған қаласы, Қаратал мөлтек ауданы 22«Б»

    Анықтама алу үшін байланыс

    8(728)241-39-18