Өнеркәсіп, қоршаған орта және ауыл шаруашылығы статистикасы бөлімінің жетекші маманы (С-О-6 санаты) 1 бірлік(№06-5)
Жетісу облысы
153 751
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Қосымша талаптар
«Бизнес, басқару және құқық»; «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» (статистика, экология, биотехнология); «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету); «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (автоматтандыру және басқару, азық-түлік өнімдерінің технологиясы (сала бойынша), инженер-технолог, инженер-механик, жерге орналастыру, кадастр); «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар»; бөлімдерінің мамандықтары және экономист, бухгалтер, өнеркәсіпті жоспарлау мамандықтары бойынша жоғары немесе арнайы кәсіби орта білім.
Фунционалды блок "С"
Функционалды міндеттер
Статистикалық жинақтар, талдамалы жазбалар, баяндамалар, жинақтарды дайындау, біржолғы зерттеулер мен статистикалық бақылауларды жүргізу; Статистикалық жұмыстар жоспарының сапалы, уақытылы, дұрыс орындалуына бақылау жасау. Ұйымдар мен кәсіпорындарда алғашқы есеп пен есептіліктің дұрыстығын тексеру, есептік деректердің дұрыстығына тексеруді ұйымдастыру және жүргізу. Тексеруді қорытындылау; Өңірлік статистика бөлімдерімен нұсқаулар мен семинар-кеңестер өткізу; Мәліметтердің сақталу және архивталу жүйесінің қызметін, статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Е-статистика жұмысын алып жүру; заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету; Мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Талдыкорган, микрорайон Каратал 22«Б»
-
8(728)241-39-18