«ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ Әулиекөл ауданының Статистика басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 2023 жылғы 16 қыркүйекті қоса), 1 бірліко

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

239910

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Математика және статистика
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

"А" функционалдық блогі. Экономикалық жұмыс, ақпараттық-талдамалы және статистикалық материалдар дайындау, бекітілген салалар бойынша жұмысты бақылау және үйлестіру, Біріктірілген статистикалық көрсеткіштер базасын қалыптастыру (БСКБ), статистикалық тіркелімдердің деректерін өзектендіру, Статистикалық және ұйымдастырушылық жұмыс жоспарларын сапалы және уақытылы орындау. Әкімшілік дереккөздермен және респонденттермен өзара әрекет ету. Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты және респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Департамент басшылығымен анықталған өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.12.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.12.2022 – 19.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қостанай қ., Майлин көш., 2/4

Анықтама алу үшін байланыс

+7 7142 535417