
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің деректері бойынша 2020 жылдың 2-тоқсанында 87 984 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,0% -ға аз.
Республикадағы қылмыс деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 94 тіркелген қылмысты құрады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде 10 мың тұрғынға шаққандағы ең жоғары қылмыс деңгейі Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында, ең төменгі Түркістан облысында байқалады.
Ауыр және аса ауыр қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76,9%-ға артты. Қылмыстар құрылымында олардың үлес салмағы 27,2% (2019 жылдың 2-тоқсанында – 10,2%), ауырлығы орташа және төмен 43,7% (65,2%) және 14,9% (13,6%) құрады.
2020 жылдың 2-тоқсанының нәтижелері бойынша тіркелген қылмыстардың ішіндегі ең үлкен үлесті меншікке қарсы қылмыстар алады - 72,8% (2019 жылдың 2-тоқсанында – 78,8%), олардың көпшілігі басқа біреудің мүлкін ұрлау – 36,9 мың оқиға (74,8 мың оқиға.). Айта кету керек, қылмыстың осы тобында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізуге байланысты жағдайлар 91,9% -ға өскені байқалады.
Жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар саны 5 368 оқиғаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8% -ға аз. Зорлау – 32,9%, адам саудасы – 16,6%, адам ұрлау – 10,7%, қорқыту – 6,3% қылмыстары бойынша төмендеу .
Сонымен қатар, өзін өзі өлтіруге әкелге байланысты қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,7% -ға артты.
Республикада адам өлтіру деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 2,4 құрайды. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде 100 мың адамға шаққандағы адам өлтірудің ең жоғары деңгейі Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола облыстарында, ең төмені Шымкент қаласында байқалады.
Республиканың құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 40,6 мың адамды анықтады (2019 жылдың 2-тоқсанымен салыстырғанда 20,6% -ға аз), 19,2 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды (2,1% көп). Қылмыс жасаған барлық анықталған адамдардың көпшілігі жұмыссыздар - 83,0% (2019 жылдың 2 - тоқсанында 83,1%) құрады.
Орташа алғанда Қазақстанда қылмыс жасаған әрбір сегізінші адам мас күйінде, әр тоғызыншысы дерлік – топ құрамында болған.
Қылмыс жасаған адамдардың жалпы санынан 965 адам немесе 2,4% - кәмелетке толмағандар, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,4% -ға аз.
Олардың ішінде төмендегі жас аралығында жасалған қылмыстар:
14-15 жас - 172 (2019 жылдың 2-тоқсанында - 326) адам немесе кәмелетке толмаған құқық бұзушылар санының 17,8% (21,8%);
16-17 жас - 793 (1 167) адам немесе 82,2% (78,2%).
www.stat.gov.kz /Ресми статистика / Салалар бойынша / Құқық бұзушылық статистикасы
|
Орындаушы: Саңғылбаев Д.С. Тел. +7 7172 749374 |
Басқарма басшысы: Ханжігітов Н.Е. Тел. +7 7172 749061 |
Баспасөз қызметі: Әсем Алданғарқызы Тел. +7 7172 749002 a.aldangarkyzy@economy.gov.kz |
Мекенжай: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік ел ел көшесі, 8 Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті