Қазақстанның мемлекеттік статистика органдарының құрылғанына 100 жыл


2020 жылғы 8 қарашада Қазақстанның мемлекеттік статистика органдарының құрылғанына 100 жыл толды. Статистиканың 100 жылдық мерейтойына «Қазақстанның мемлекеттік статистикасына 100 жыл» атты басылым және мемлекеттік статистиканың қалыптасу тарихы туралы бейнеролик шығарылды. Сонымен қатар, мемлекеттік статистика органдарының қызметкерлері мен ардагерлері алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен және «Статистика үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.
Оқиға күні
08 қараша 2020
Оқиға түрі
Хабарландыру