Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің кеңейтілген отырысы.
2019 жылғы 19-20 қыркүйекте аумақтық статистика органдары мен бағынысты ұйым өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.
Сондай-ақ отырысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мәселесін қарау үшін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері де шақырылды.
2019 жылғы 8 айға жұмыс қорытындылары шығарылды және ағымдағы жылға ведомство алдындағы негізгі міндеттер айқындалды.
Нұрболат Серғалиұлы атап өткендей, алдағы бірнеше жылдағы ведомствоның күн тәртібіндегі негізгі мәселе - ұлттық халық санағы болып табылады.
Осылайша, санақты өткізу мерзімдері айқындалды - бұл 2020 жылғы 1 қазаннан бастап 30 қазан аралығы. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілді: планшетке арналған мобильді қосымша әзірленді - сауалнама жүргізуге мүмкіндік берді; санақ парақтарын респонденттердің өз бетінше толтыруы үшін арнайы сайт; «Аудандастыру» автоматтандырылған жұмыс орны. Санақ өткізу кезінде халықты қолдау және ақпараттандыру үшін колл-орталық құрылып жатыр.
Санақ қорытындыларына келетін болсақ, кейбір алдын-ала мәліметтерді 2020 жылы алу жоспарланған. Алдын-ала қорытындыларды 2021 жылы, ал түпкілікті қорытындыларды 2022 жылы жариялау жоспарланған.
19 қыркүйек 2019
20 қыркүйек 2019
Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел 8 көшесі, кіреберіс 4.
Отырыс
Бесплатно