Астанада «Актив ретіндегі деректер» атты деректерді басқару жөніндегі форум өтеді
24 қарашада DAMA Kazakhstan елімізде осымен екінші рет деректермен жұмыс істеу стратегиясын айқындайтын, оны іске асыратын және объективті шынайы деректер негізінде кәсіпорынды басқаратын барлық кәсіби маманды біріктіретін, деректерді басқару жөніндегі «Актив ретіндегі деректер» форумын өткізеді.
Форум спикерлерінің бірі – ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов. Ол мемлекеттік статистиканы трансформациялаудағы дата менеджмент рөлі туралы айтып береді.
Оқиға күні
24 қараша 2022
Оқиға түрі
Басқа