ҚР СЖжРА ҰСБ ұйымдастырған «Ашық есік күні» өткізілді

ҚР СЖжРА ҰСБ ұйымдастырған «Ашық есік күні» өткізілді

2021 жылғы 17 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ұйымдастырған «Ашық есік күні» өткізілді.

Аталған іс-шараны өткізу статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың кең қауымымен кездесуге бағытталды, іс-шара аясында қатысушыларға статистикалық жарияланымдармен және Бюроның www.stat.gov.kz Интернет-ресурсы және «Талдау» ақпараттық-талдамалы жүйесінің көмегімен қажетті статистикалық ақпаратты өз бетімен алу әдістерімен таныстырылды.

Шақырылғандарға статистикалық жинақтар, журналдар, кітапшалар және буклеттер түрінде ауқымды тарату материалдары ұсынылды.

Оқиға күні

17 қараша 2021

Өткізу орны

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Оқиға түрі

Кездесу