Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
- Мыналардың:
1) «Тұрмыс деңгейінің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 24 қарашадағы
№185 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16074 болып тіркелген);
2) «Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша табыстарды есептеу бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 31наурыздағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15064 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
|
М. Турлубаев |
Результаты согласования
Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан - Директор департамента Арманбек Кенесович Тлеубаев, 30.12.2025 10:42:10, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Ботагоз Шаймардановна Жакселекова, 05.01.2026 10:44:39, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнің Ұлттық статистика бюросы - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы М. Турлубаев, 05.01.2026 15:08:00, положительный результат проверки ЭЦП
65
20 қаңтар 2026 16:48
20 қаңтар 2026