Түсіндірме жазба
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына 10 882 641,6 мың теңге бөлінген, есепті кезеңде 10 852 232,5 мың теңге атқарылды, оның ішінде бағдарламалар бөлінісінде:
001 «Реформаларды қалыптастыруға және тиімді іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік басқару жүйесі мен квазимемлекеттік секторды жетілдіруге қатысу» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 9 039 751,7 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер
9 017 164,0 мың теңгені немесе 99,8 %-ды құрады. Қолданылмаған қаражат қалдығы 22 587,7 мың теңге, оның ішінде: 17 963,4 мың теңге - ЕТҚ бойынша үнемдеу; 1 701,1 мың теңге - жеткізушілердің орындалған жұмыстар актілерін кеш ұсынуына байланысты; 1 494,3 мың теңге - іссапарлар кестесінің өзгеруіне байланысты; 1 428,9 мың теңге - қаражат қалдығы.
002 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету»
бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 1 548 864,7 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 1 521 458,3 мың теңгені немесе 98,2%-ды құрады. Қолданылмаған қаражат қалдығы 27 406,4 мың теңге, оның ішінде:
8 616,8 мың теңге - төлем ұсынылған орындалған жұмыстар актілері бойынша жүргізілді; 8 580,2 мың теңге - ЕТҚ бойынша үнемдеу; 8 879,1 мың теңге - іссапарлар кестесінің өзгеруіне байланысты; 1 330,3 мың теңге - қаражат қалдығы.
003 «Халықаралық міндеттемелерді орындау және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасындағы балалар мен әйелдердің жағдайын мониторингтеу үшін мультииндикаторлық кластерлік зерттеп-қарауды жүргізу» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 274 715,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 298 519,6 мың теңгені немесе 108,7 %-ды құрады. Қаражат қалдығы 23 804,6 мың теңге - бағамдық айырма есебінен қайта игеру (доллар бағамының ұлғаюы).
138 «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 12 527,2 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 8 307,8 мың теңгені немесе 66,3 %-ды құрады. Қаражат қалдығы 4 219,4 мың теңге игерілмеді, жеткізуші ұсынған орындаған жұмыстар актілері бойынша төлем жүргізілді.
159 «Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 86 700,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.
«Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету» 164 бағдарламасы бойынша есепті кезеңде төлемдер бойынша жоспарға сәйкес 6 783,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, төленген міндеттемелер 6 782,8 мың теңге немесе 100%-ды құрады. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы – 0,2 мың теңге.