Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының конкурстық комиссиясы отырысының 2025 жылғы 2 шілдедегі № 351 хаттамасынан үзінді
Ішкі конкурс қорытындысы бойынша
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының конкурстық комиссиясы отырысының ШЕШІМІ
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу туралы шешім қабылданды:
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті баға статистикасы басқармасының басшысы (C-O-3 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 18 наурызға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, «А» функционалдық блогы), Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті Персоналды басқару қызметінің бас маманы (C-O-5 санаты, 1 бірлік, «В» функционалдық блогы) – бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс, кандидаттардың болмауына байланысты өтпеген деп танылды.