«Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының
индексін құру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 17 тамыздағы №164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы ереженің 15-тармағының 34) тармақшасына,Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасынасәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексін құру әдістемесінде:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығындағы жалпымемлекеттік статистикалық байқау жалға берілген коммерциялық жылжымайтын мүлік объектісінің нақты түрінің бір шаршы метрін жалға беру бағасының өзгеруін анықтау мақсатында ұйымдастырылды.»;
4-тармақта:
3) тармақша алынып тасталсын;
5) тармақша алынып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) қызмет түрi – қызмет түрлері жіктелімінің едәуір ірілендірілген санаттарын сипаттайтын өнімнің (тауарлар және көрсетілетін қызметтердің) біртектес жинағын құру үдерісі. Негізгіқызмет түрі - қосылған құны шаруашылық субъектісі жүзеге асыратын кез-келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.Қосалқы қызмет түрі - үшінші тұлғалар үшін өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кеңселер басқару қызметімен айналысу үшін пайдаланылатын әкімшілік ғимараттағы үй-жайларды білдіреді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қойма үй-жайлары сақтаудың талап етілетін шарттарының сақталуын қамтамасыз ететін және сақтау үшін құрал-жабдықпен және жүкті түсіру-тиеу үшін ыңғайлы конструкциялар мен құрылыммен жабдықталған шикізатты, өнімдерді, тауарларды сақтауға арналған тұрғын емес үй-жайларды білдіреді.
Қоймаларды жалға беру бағасына келесі параметрлер әсер етеді:
1) қойманың географиялық орналасуы;
2) кіреберіс жолдарының бар болуы мен жағдайы, автомагистральдардан алыстығы;
3) теміржол тармағының бар болуы;
4) үй-жайлардың алаңы, қабаттылығы, төбесінің биіктігі;
5) күзеттехникалыққұралдарының бар болуы.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Базалық объектілерді іріктеу үшін бас жиынтықты «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне» кодына сәйкес қызметінің негізгі және қосымша түрлері «68.20 – Жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару» болып табылатын заңды тұлғалар мен (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері, дара кәсіпкерлер құрайды.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Базалық объектіде жалға берілетін коммерциялық жылжымайтын мүліктің нақты өкіл объектілері анықталады.
Коммерциялық жылжымайтын мүліктің нақты өкіл объектілерін іріктеу, іріктеп алынған объект түрлерін жалға беру бағаларының индексін есептеу және объектілер топтары мен жалпы коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексін есептеу мақсатында жүзеге асырылады.
Базалық объектілердің қызметкерлері болып күнтізбелік жыл бойы жалға берілетін коммерциялық мүлік объектілерінің нақты түрлері айқындалады. Коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің әрбір түрі бойынша қаланың (облыстың) түрлі аудандарында орналасқан және әртүрлі мәміле талаптарымен 10-20 нақты өкіл объект іріктеліп алынады.»;
23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Зерттеуге қосылған нақты өкіл объектіге объектінің тиісті түрі үшін осы Әдістеменің 2-тарауында сипатталған жалға беру бағасының шамасына әсер ететін факторларды көрсете отырып, толық сипаттама беріледі.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Бағаларды тіркеу «Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы туралы есеп» (1-Ц (жалға беру))жалпымемлекеттік статистикалық байқаудыңстатистикалық нысанын базалық объектілердің толтыруы арқылы тоқсан сайынғы негізде жүзеге асырылады.»;
30-тармақтың біріншібөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексін құру деректердің екі ағынын қолдануды көздейді:
1) жалға берілетін нақты өкіл объектілерге баға өзгеруі туралы;
2) коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі туралы.»;
31-тармақтың үшіншібөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қалыптастырылған салмақтау сызбасын қолдана отырып, өңір және республика бойынша жеке және агрегатталған баға индекстері есептеледі.»;
6-тараудыңтақырыбымынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Баға индекстерін есептеу»;
34-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
35-тармақ алынып тасталсын;
36,37 және 38-тармақтармынадай редакцияда жазылсын:
«36. Агрегаттаудың ең төменгі сатысында есептелетін жеке баға индексі ағымдағы және базисті кезеңде коммерциялық жылжымайтын мүліктің нақты түріне бағаны салыстырудың қарапайым қатыстық шамасы болып табылады. Жеке баға индексі байқалатын коммерциялық жылжымайтын мүлік түрлерінің барлық тізбесі бойынша әр базалық объект, өңір, республика бойынша жеке айқындалады:
|
(1) |
мұндағы
ij – коммерциялықжылжымайтынмүліктіңнақтытүрініңжекебағаиндексі;
Pt – есептітоқсандағыбаға;
P(t-1) – өткентоқсандағыбаға.;
Агрегатталған индекстің алымы мен бөлімі екі шаманың көбейтіндісінен тұрады, біріншісі – индекстелінетін (ауыспалы), екіншісі – өзгеріссіз және алымы да бөлшегі де салмақтау коэффициенті ретінде қолданылады.
Коммерциялық жылжымайтын мүліктің типтері бойынша агрегатталған баға индексі коммерциялық жылжымайтын мүліктің түрлері бойынша баға индексінен орташа салмақталған шамасы ретінде анықталады. Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексі жалпы зерделенетін жиынтықты құрайтын олардың барлық түрінің баға өзгерісінің жалпыланған нәтижесін көрсетеді.
Есептеу үшін салмақтаудың тұрақты сызбасы арқылы салмақталған жүйелі баға байқауының негізінде баға индексін есептеуді қамтамасыз ететін Ласпейрес формуласының түрлендірілген нұсқасы қолданылады:
егер ,
(2)
мұндағы
IL – t кезеңіндегі өткен t-1 кезеңімен салыстырғандағы коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексі;
– коммерциялық жылжымайтын мүлік объектісінің түрі бойынша t кезеңіндегі t-1 кезеңіне жеке баға индексі;
P0Q0 – агрегаттау үшін стандартты ретінде қолданылатын базистік кезең бағасындағы коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бойынша көрсетілген қызметтердің құны;
– есепті кезеңде коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бойынша көрсетілген қызметтердің құны;
– коммерциялық жылжымайтын мүлік объектісінің түрі бойынша өткен кезеңге жеке баға индекстерінің көбейтіндісі.;
|
(3) |
мұндағы
Ijt – коммерциялықжылжымайтынмүліктің j түрініңесепті g жылғы t айыныңөткен g-1 жылғысәйкестоқсандықбағаиндексі;
Itg – индекстіқатардағыесепті g жылғы t тоқсандықбағаиндексі;
Itg-1 – индекстіқатардағыалдыңғы g-1 жылғы t тоқсандықбағаиндексі.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
|
М. Турлубаев |
Результаты согласования
Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Ботагоз Шаймардановна Жакселекова, 29.10.2024 18:34:30, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросы - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы М. Турлубаев, 11.11.2024 12:48:55, положительный результат проверки ЭЦП