«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Мыналардың:
- «Ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесін (ВЖЖҮӘ) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10779 болып тіркелген);
- ««Ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесін (ВЖЖҮӘ) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 31 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25255 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы
|
|
М. Турлубаев
|