2025-2027 жылдарға арналған әкімшілік деректерді ұсыну графигін бекіту туралы

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
19-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы №9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 14-тармағы 19) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған 2025-2027 жылдарға әкімшілік деректерді ұсынуграфигі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жеткізуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы

 

М. Тұрлыбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2025-2027 жылдарға арналған әкімшілік деректерді ұсыну графигін бекіту туралы
Дата публикации
20 декабря 2024