Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы «Қазақстан Республикасындағы 2024-2025 жылдарға арналған мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС)» жобасын іске асыру мақсатындағы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы  «Қазақстан Республикасындағы 2024-2025 жылдарға арналған мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС)» жобасын іске асыру мақсатындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
  2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Нұрланұлы Шаймардановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы «Қазақстан Республикасындағы 2024-2025 жылдарға арналған мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС)» жобасын іске асыру мақсатындағы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

3.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚазақстанРеспубликасының

Премьер-Министрі                                                                                           О. Бектенов

Постановление равительства
Дата публикации
01 ноября 2024