«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы «Қазақстан Республикасындағы 2024-2025 жылдарға арналған мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС)» жобасын іске асыру мақсатындағы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы
«Қазақстан Республикасындағы 2024-2025 жылдарға арналған мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС)» жобасын іске асыру мақсатындағы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

  1. Мемлекеттік орган-әзірлеушінің атауы:

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Халықаралық ұйымдардың нормаларына, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Үкімет аппараттарының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелеріне сілтеме жасай отырып, Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздемелер.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар Қорының арасындағы ынтымақтастық туралы негізгі келісімді бекіту туралы 2001 жылғы 10 сәуір N 176-II Қазақстан Республикасының Заңы.

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысы.

  1. Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда – Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі):

Жобаны іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен шығындар (РБК-ның 2023 жылғы 22 тамыздағы №14 қорытындысына сәйкес 2024 жылға 216 392 мың теңге сомасында қаражат бөлінді).

  1. Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда болжалды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасының ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері:

Жобаны қабылдау әлеуметтік және экономикалық салдарға әкелмейді.

  1. Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері:

Мультииндикаторлық кластерлік зерттеудің барлық негізгі көрсеткіштері бойынша сенімді және басқа елдермен салыстырмалы ақпарат алу

  1. Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер:

«2024 жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының м.а. 2023 жылғы 30 маусымдағы № 109 бұйрығы («Қазақстан Республикасындағы көптеген көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеу»жалпымемлекеттік статистикалық байқауды жүргізу туралы).

7.Заңнаманы нормативтік құқықтық актінің, ол қабылданған жағдайда енгізілетін жобасына сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не мұндай қажеттілік болмаған жағдайда:

Талап етілмейді.

  1. Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны):

Жоба «Ашық НҚА» интернет-порталында 2024 жылғы 10 қыркүйекте орналастырылған. (167 КБ)

9.Уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат:

Талап етілмейді.

10.Нормативтік құқықтық акт жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі:

Сәйкес келеді.

11.Нормативтік құқықтық актінің жобасын қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері:

Қажет етілмейді.

 

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігі Ұлттық

статистика бюросының басшысы                               М. Тұрлыбаев

 

                                                                                                      

 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Дата публикации
01 ноября 2024