Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының, оның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымы – «Ақпараттық-
есептеу орталығы» ШЖҚ РМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
2024 жылғы 02тамыз Астана қ.
Ішкі талдау объектісі: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро), оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «АЕО» РМК).
Кезең: 2023жылдың қыркүйегіненбастап 2024 жылдың мамырына дейін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы
5-тармағына,Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген) «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы» Бюро басшысының 2024 жылғы 29наурыздағы № 44 бұйрығына және Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаужүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға (Қазақстан РеспубликасыСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсан№ 488 бұйрығымен бекітілген) сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар мен критерийлер бойынша жүзеге асырылды:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге (ҚР Президентінің Жарлығы,қағидалар, әдістемелер, статистикалық нысандар және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар), ішкі құжаттарға (бұйрықтарға) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына талдау жүргізілді.
Лауазымды адамның өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін ережелерге, нормативтік құқықтық актілерді өз бетінше түсінуге мүмкіндік туғызатын құқықтық олқылықтардың болуына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қазіргі уақытта заңдық- лингвистикалық белгісіздікті жою, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және Республикалық терминологиялық комиссия отырысының 2023 жылғы 2 маусымдағы №1 хаттамасына сәйкестендіру мақсатында қазақ тіліндегі «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бүкіл мәтіні бойынша «алғашқы статистикалық деректер» термині «бастапқы статистикалық деректерге» ауыстырылады.
Терминді өзгерту «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде енгізіледі (Заңға 2024 жылдың 5 шілдесінде қол қойылды).
Ұйымдастыру-басқару қызметіне жүргізілген талдау Бюрода персоналды басқару Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»заңдарына, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатынын көрсетті.
Бюроның штат саны – 2 385 бірлік, оның ішінде: орталық аппараты – 288 бірлік, аумақтық бөлімшелері – 2 097 бірлік.
2023 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін бюроның орталық аппараты мен оның аумақтық бөлімшелерінің 190 бос әкімшілік лауазымына орналасуға 18 конкурс өткізілді.
2024 жылғы қаңтар-мамыр аралығында бюроның орталық аппараты мен оның аумақтық бөлімшелерінің 233 бос әкімшілік лауазымына орналасуға 30 конкурс өткізілді.
Жеке құрам, демалыс және іссапарлар бойынша бұйрықтар,сондай-ақ штаттық орналасу, Бюроның істер номенклатурасы, Бюро қызметкерлерінің жеке істері мен құжаттары, тағылымдама, тәлімгерлік, персоналды оқыту және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне есептер«Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы ресімделеді. Сондай-ақ, конкурстар бойынша комиссиялардың өткізілген отырыстары, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметінің тиімділігін бағалау, еңбек өтілін есептеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік комиссия бойынша ақпарат енгізіледі.
2023 жылы 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде Бюро орталық аппаратының 4 қызметкері, Бюроның аумақтық бөлімшелерінің 44 қызметкері, қызметтік тергеу жүргізілді – 6, оның қорытындысы бойынша 5 қызметкер жауапқа тартылды, тәртіптік комиссияның 1 қызметкерінің әрекеттерінде бұзушылықтар байқалмады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында бюроның және бюроның аумақтық бөлімшелерінің 39 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 1 – қызметтік тергеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия қызметкерінің әрекеттерінде бұзушылықтар байқалмады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметке жаңадан және алғаш рет қабылданған қызметкерлер ұлттық қауіпсіздік органдарында арнайы тексеруден өтеді, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдау бойынша жазбаша міндеттемелер ресімделеді және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен танысудан өтеді.
Жаңадан қабылданған қызметкерлер бойынша соттылығы мен әкімшілік айыппұлдарының болуы туралы сұрау салулар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жіберіледі.
Бюро «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 3-тармағында көрсетілген талаптарды ескере отырып, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметке жаңадан және алғаш рет қабылданған қызметкерлер жұмысқа қабылдау кезінде жақын туыстары, жұбайлары және (немесе) жекжаттары туралы хабардар етеді.
Сонымен бірге, мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкердің басшымен үлестестігі, жақын туыстарының, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызметі (жұмысы) фактілерінің болуына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Бюроның Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі- Департамент) қызметкерлері арасында туыстық байланыстардың төмендегі ақпаратқа сәйкес 1 дерегі анықталды.
2024 жылғы 26 наурызында Департаментпен Қазақстан Республикасының Мемлекетік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментіне № 01-03-36/61-И шығыспен мекемеде орын алған мүдделер қақтығысы туралы хат жолданды.
Аталған хатта келесідей мән-жайлар көрсетілген:
2024 жылдың 21 ақпанында Ұлттық статистика бюро басшысының № 101-ж бұйрығына сәйкес Департамент басшысының орынбасары лауазымына Динара Орысбаевна Молдагулова тағайындалды.
2023 жылғы 2 қазанда Жетісу облысы бойынша статистика департаменті басшысының № 36-ж бұйрығына сәйкес шаруашылық меңгерушісі лауазымына Амангельді Айтжанович Кудабаев тағайындалды.
Д.Молдагулова және А.Кудабаев ерлі-зайыпты болып табылады және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы 1- тармағы 2) тармақшасындағы нормаға сәйкес- жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол берілмейді.
2024 жылғы 29 наурызында Қазақстан Республикасының Мемлекетік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінен № 04-10/770 шығыспен Департаментке түскен хатында келесі мәлімет көрсетілді:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 51-бабы 1-тармағына сәйкес, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттiк қызметшiнің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады.
Сонымен қатар, Заңның 51-бабы 2-тармағына сәйкес, мемлекеттiк қызметшi мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға тиiс.
2024 жылғы 15 сәуірдегі Департамент басшысының № 7-ж бұйрығына сәйкес шаруашылық меңгерушісі А.Кудабаевпен 2024 жылғы 1 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 49- бабы 3- тармағының талаптарына сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша Департаментінің заң бөлімінің бас маманы А.О. Бегмановқа заңсыз материалдық сыйақы алғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚРЗ 61-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес А.О. Бегманов 2024 жылғы 20 ақпанда Шымкент қаласы бойынша Бюро департаменті басшысының бұйрығымен қызметінен босатылды.
Анықтама: Шымкент қаласы бойынша бюро департаментінің заң бөлімінің бас маманы А.О. Бегманов Whatsapp мессенджері бойынша еңбек демалысында жүргенде персонал басқармасы қызметінің басшысына әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берілгені туралы хабарлады.
Персоналды басқару қызметінің басшысы дереу Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетіне сауал жолдады, ол а.о. Бегмановқа 2024 жылғы 29 қаңтарда Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті заңсыз материалдық сыйақы алғаны үшін әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданғанын растады.
А.О. Бегмановтың айыппұлды ерікті түрде өтеуі 1 107 600 (бір миллион жүз жеті мың алты жүз) теңгені құрады.
Іс хаттамасынан «Жаннұр и К» ЖШС, «Company Leaders» ЖШС бухгалтері А. Сәрсееваның 2023 жылғы 3-тоқсандағы 1-Т нысанындағы есепті тапсыруға көрсеткен көмегі үшін А.О. Бегмановтың Kaspi.kz картасына «шайға» түсініктемесімен 5000 теңге аудару фактісі бойынша шаралар қабылдау туралы өтініші тіркелгені шығады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет А.О. Бегмановтың 5000 теңге алуы 2 АЕК-тен аспайтынын және қылмыстық-жазаланатын іс-әрекет белгілерін қамтымайтынын анықтады.
Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қылмыстық қылмыстар және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларды жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталған жоқ.
Бюро қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер жоқ.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26 – бабының 3-тармағына сәйкес «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «АЕО» РМК және оның облыстар, Алматы қаласы бойынша филиалдары көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «АЕО» РМК-ныңhttps://www.statdata.kz/сайты арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – қағаз түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығымен бекітілген «Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Талданып отырған кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуге 30 өтінім берілді, оның ішінде 4 өтінім бойынша бас тартылды. Көрсетілген және көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерді бұзу жоқ.
Бас тарту себептері:
- статистикалық ақпарат жоқ және оны өңдеу процесінде алу мүмкін емес– 4;
- көрсетілетін қызметті алушы төлем жасаған жоқ– 0.
Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған келісілмеген нысандарды, көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемелерін және әкімшілік деректердің анық еместігін анықтау мақсатында сапаны бақылау жөніндегі басқарма тұрақты негізде Бюроның ресми көздерден алған деректерін мониторингтеу, талдау және салыстыру жолымен әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған бюроның мемлекеттік статистика саласындағы бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес 8 ОМО және 29 ЖАО-ға қатысты бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау жүргізілді.
Сондай-ақ, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 11 орталық мемлекеттік орган бойынша Бюромен келісілмеген НҚА анықталды, осы мемлекеттік органдардың атына әкімшілік дереккөзге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындылар жіберілді.
Әкімшілік дереккөзге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы жіберілген қорытындылар бойынша 5 Мемлекеттік орган НҚА-ны Бюромен келісуге жіберді, ал қалған мемлекеттік органдармен рәсімдік іс-әрекеттер жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Бюроға 2023 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы мамырға дейінгі кезеңде жеке, заңды тұлғалардан барлығы 540 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 273, заңды тұлғалардан – 267.
Келіп түскен өтініштер бойынша: қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 177, ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданды- 5, жауаптар берілді – 296, қараусыз қалдырылсын – 3, қарау тоқтатылсын – 19, назарға алынды – 3, басқа органдарға қайта жіберілді – 1, қайталанатын- 18, кері қайтарылды – 18 шешімдер қабылданды.
Пайдаланушылармен және респонденттермен тұрақты кері байланысты сақтау мақсатында Бюро мынадай арналарды пайдаланады:
- 1446 бірыңғай байланыс орталығы, оның ішінде «Бір терезе» қызметі;
- Жеделхаттағы виртуалды көмекші (https://t.me/statgovkz_bot);
- Бюроның ресми сайтында Онлайн кеңесші (https://stat.gov.kz/ru/#).
Фронт-офис бойынша 251 866 өтініш келіп түсті, оның ішінде:
бір терезе қызметі – 187 866, телеграм-бот – 4 875, онлайн-консультант – 4 800, байланыс орталығы – 54 325.
Бюро, оның аумақтық бөлімшелері және «АЕО» РМК ведомстволық бағынысты ұйымы қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне бұзушылықтар жоқ.
Іс қағаздарын жүргізу Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көрсетілген қызметтер, жұмыстар, тауарды жеткізу актілерінің (бұдан әрі - актілер) мерзімін бекіту жөніндегі норма регламенттелген.
Актілер Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында жасалған шарт бойынша қабылданған,кейіннен одан әрі төленуі тиісміндеттемелердің орындалу фактісін растайтын құжат болып табылады. Актілерді Тапсырыс беруші оларды Өнім беруші web портал арқылы ұсынған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді.
Бұл ретте жеткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қосымша зерделеу қажет болған жағдайда акт мерзімін 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзартуға жол беріледі. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың web порталында өнім берушіні хабардар ете отырып, дәлелді себептер бойынша актіні қабылдаудан бас тартуға құқылы.
2023 жылдың басынан бастап 2 835 мемлекеттік сатып алу өткізілді. Мемлекеттік сатып алуды өткізу процесі өнім берушілер арасында адал бәсекелестікпен ашық болып табылады және мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды камералдық бақылау және мемлекеттік органдар арасында бұзушылықтарды анықтауға арналған өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.
Осылайша мемлекеттік сатып алу саласы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының негізінде жүзеге асырылады, барлық қызмет жалпыға қолжетімді ақпараттық web-порталда ашық қолжетімділікке ие.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражатын игеру:
- 2023 жылдың қорытындысы бойынша 99,9% ;
- 2024 жылғы 1мамырға жағдай бойынша 99,8%.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жұмыс тобының
басшысы Ә.Шауенова
Жұмыс тобы
басшысының орынбасары А.Тілеубаев
Жұмыс тобының хатшысы С.Рахимбекова
Жұмыс тобының мүшелері А. Бегалин
А.Тулеутаева
Н. Бурмистров
А. Каиргельдина
Р.Кабиева
Е. Ұлтанов
Г. Қойгелдина
Қ. Қипатов
Е. Кешубаев