БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрыққа 8-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8.Департаменттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040000, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 111.»;
көрсетілген бұйрыққа 15-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32-көше,
16-ғимарат, С корпус.»;
14-тармақта:
19) тармақша алып тасталсын;
20) тармақша алып тасталсын;
15-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу, соның ішінде бағаларды тіркеу;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5)мынадай статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері туралы ақпаратты қамтитын статистикалық бизнес-тіркелім;
2) Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін субъектілер жөнінде ақпаратты қамтитын ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімі;
3) Қазақстан Республикасының барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлері туралы ақпаратты қамтитын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі;»;
8) тармақша алып тасталсын.
1) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген шараларды қабылдауды;
2) осы бұйрықтан туындайтын басқа да шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
1) осы бұйрықты «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Интернет-ресурсында орналастырудықамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі Ұлттық
статистика бюросының басшысы Ж. Шаймарданов