Астана қаласы город Астана
«Энергетика статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 36) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы
22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
|
Ж. Шаймарданов |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрлігі
Результаты согласования
Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан - исполняющий обязанности директора Баглан Дуйсебаевна Кабулова, 03.08.2023 11:48:19, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Ботагоз Шаймардановна Жакселекова, 10.08.2023 10:37:39, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросы - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы Ж. Шаймарданов, 10.08.2023 11:36:11, положительный результат проверки ЭЦП