Астана қаласы город Астана
«Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы
28 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19953болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 36) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақта:
7) және 8) тармақшалары алынып тасталсын;
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37) 20___ жылы жаңа тұрғын үй бағаларын тіркеу дәптері» (индексі 1-ЦРЖ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес;»;
38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«38) 20___ жылы жаңа тұрғын үй бағаларын тіркеу дәптері» (индексі 1-ЦРЖ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес;»;
46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«46) Теңіз көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп» (индексі 1-тариф (теңіз), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 46-қосымшаға сәйкес;»;
47) және 48) тармақшалармен келесі редакцияда толықтырылсын:
«47) «Тұрғын үйге деректерді енгізудің электрондық нысаны» (индекс 1-ЦРЖэ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 47 - қосымшаға сәйкес;
48) «Тұрғын үйге деректерді енгізудің электрондық нысаны» (индекс 1-ЦРЖэ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 48 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
37, 38, 43 және 44-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
осы бұйрыққа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес 47 және 48-қосымшалармен толықтырылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
|
Ж. Шаймарданов |
Результаты согласования
Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан - директор Департамента Самат Советович Жасузаков, 14.07.2023 12:16:32, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Ботагоз Шаймардановна Жакселекова, 18.07.2023 16:29:24, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросы - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы Ж. Шаймарданов, 19.07.2023 10:20:19, положительный результат проверки ЭЦП