«Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 қазандағы № 238 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

                   Астана қаласы                                                                                                             город Астана                                                                                                              

 

 

«Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 қазандағы № 238 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 қазандағы № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 14 қарашада № 14417 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

««Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының   12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемеде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«3. Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) экологиялық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде қолданады.»;

46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«46. Экономика салалары бойынша өндіріс қалдықтарының көлемі туралы ақпарат қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның әкімшілік деректері негізінде жыл сайын қалыптастырылады.»; 

48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Өндіріс қалдықтары туралы ақпарат жоғарыда аталған қауіптіліктің     3 деңгейі бойынша қалыптастырылады және: химиялық және медициналық қалдықтар, радиоактивті қалдықтар, металл қалдықтары, қайталама өңдеуге жарайтын металл емес қалдықтар, кәдеге жаратылған жабдық және көлік құралдары, өсімдік және жануарлардан шыққан қалдықтар, аралас тұрмыстық және коммерциялық қалдықтар, минералды-топырақ қалдықтары, жану  қалдықтары, өзге де қалдықтар деп топталады. Өндіріс қалдықтары бойынша деректерді қалыптастыру кезінде ЭҚЖЖ номенклатурасы экономикалық қызмет түрін сәйкестендіру үшін қолданылады.». 

  1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлттық шоттар департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының міндетін атқарушы

 

Ж. Джаркинбаев

 

 

Результаты согласования

Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан - директор Департамента Самат Советович Жасузаков, 07.12.2022 18:19:43, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Алма Кайратовна Муканова, 09.12.2022 20:23:24, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросы - Басшының міндетін атқарушы Ж. Джаркинбаев, 13.12.2022 10:05:56, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
15 декабря 2022