Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысы.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
|
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу;
3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу;
4) сот төрелігі;
5) жедел-іздестіру қызметі;
6) қылмыстық-атқару қызметі;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерделеу нәтижелерінің;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің бастамашылық өтінішінің және оны өткізу туралы уәкілетті органның шешімі;
3) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың шешімдері мен ұсынымдарының негізінде қабылданады.
1) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісіне қатысты ақпаратты жинауды, қорытуды және талдауды;
2) осы Қағидалардың 10, 11, 12-тармақтарына сәйкес талдау анықтамасын жасауды, келісуді және қол қоюды қамтиды.
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1) персоналды басқару;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын орындау;
5) бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру;
6) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді зерделеуді қамтиды.
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі ұсынатын оның бағыттары бойынша мәліметтер;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау бағыттарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпарат жүйелерінен алынған деректер;
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексерулерінің нәтижелері;
5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау бағыттарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;
6) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
7) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
8) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын анықтау және оны жасағаны үшін жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер болып табылады.
3-тарау. Сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары
1) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты;
2) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды қамтитын талдамалық анықтама әзірленеді.
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қарауына беріледі;
2) уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің интернет-ресурсында оны жүргізуге өтініштері негіз болған жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізіле отырып, орналастырылады.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК