Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының, оның аумақтық бөлімшелерінің және «Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК (филиалдарды ескерумен)ведомстволық бағынысты ұйымының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
2022 жылғы «30» қыркүйек Астана қ.
Ішкі талдау объектісі: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро), оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ «Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (филиалдарын ескере отырып) (бұдан әрі – «АЕО» РМК)ведомстволық бағынысты ұйымы.
Кезең: 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың тамызына дейін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада № 14441 болып тіркелген), «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы» Бюро басшысының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 68 бұйрығына және 2021 жылғы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымға сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар мен критерийлер бойынша жүзеге асырылды:
9) жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау;
Қолданыстағы құқықтық актілерде және ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), 150 бұйрыққа (103 әдістеме, 16 қағида, 31статистикалық нысандар бойынша) талдау жүргізіліп, келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды- құқықтық актілер ережелерінің қайшылығы.
2022 жылғы 18 мамырда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қызмет көрсету нысанын Электрондықтан (ішінара автоматтандырылған) Қағазтүріне өзгерту бөлігінде өзгеріс енгізілді («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 170/НҚ бұйрығы).
Сонымен қатар, «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында(«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығы) (бұдан әрі –Қағидалар) мемлекеттік қызмет Электрондық нысанда (ішінара автоматтандырылған) көрсетілетіні бекітілді, осыған байланысты ережелердің қайшылығы бар.
Ұсыным: Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі ережеге өзгерістер енгізу арқылы жойылады. Болжамды жою мерзімі-2022 жылғы желтоқсан.
Персоналды басқаруға және мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Ұйымдастыру-басқару қызметіне жүргізілген талдау Бюрода персоналды басқару Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатынын көрсетті.
Бюроның штат саны – 2 385 бірлік, оның ішінде: Бюроның орталық аппараты – 271 бірлік, Бюроның аумақтық бөлімшелері – 2 114 бірлік.
2021 жылы бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға 137 конкурс өткізілді, оның ішінде: Бюроның орталық аппараты – 21, Бюроның аумақтық бөлімшелерінде – 116 конкурс.
2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы кезеңде бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға 107 конкурс өткізілді, оның ішінде: Бюроның орталық аппараты – 12, Бюроның аумақтық бөлімшелерінде – 95 конкурс.
Жекеқұрам, демалыс және іссапарлар бойынша бұйрықтар «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы, сондай-ақ штаттық орналасу, Бюро істерінің номенклатурасы, Бюро қызметкерлерінің жеке істері мен құжаттары, тағылымдама, тәлімгерлік, персоналды оқыту және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне есептер ресімделеді. Сондай-ақ, конкурстар жөніндегі комиссиялардың өткізілген отырыстары, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметінің тиімділігін бағалау, еңбек өтілін есептеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік комиссия бойынша ақпарат енгізіледі.
2021 жылы Бюроның аумақтық бөлімшелерінің 43 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 11 қызметтік тергеп-тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 9 қызметкер жауапкершілікке тартылды, Тәртіптік комиссияның 2 қызметкерінің әрекеттерінде бұзушылықтар байқалмады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы кезеңдеБюроның және Бюроның аумақтық бөлімшелерінің 58 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 7қызметтік тергеп-тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 8 қызметкер жауапкершілікке тартылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметке жаңадан және алғаш рет қабылданған қызметкерлер ұлттық қауіпсіздік органдарында арнайы тексеруден өтеді, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдау бойынша жазбаша міндеттемелер ресімделеді, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен танысудан өтеді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жаңадан қабылданған қызметкерлер бойынша соттылығы мен әкімшілік айыппұлдарының болуы туралы сұрау салулар жіберіледі.
Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағында көрсетілген талаптарды ескере отырып, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметке жаңадан және алғаш рет қабылданған қызметкерлер жақын туыстары, жұбайлары және (немесе) жекжаттары туралы хабардар етеді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бюро департаментінің (бұдан әрі-Департамент) Құқықтық қамтамасыз ету және респонденттермен жұмыс басқармасының басшысы Н.Н. Рахимовтың қос азаматтығы бар екенін анықтады. Департамент басшысының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 248-л бұйрығына сәйкес Н.Н. Рахимов Ресей Федерациясының азаматтығына байланысты қызметінен босатылды (мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы) («Мемлекеттік қызмет туралы» ҚРЗ 61-бабы 1-тармағының 10-1-тармақшасы).
Анықтама үшін: Н.Н. Рахимов конкурстық іріктеуден өткендіктен және Департаменттің конкурстық комиссиясының оң қорытындысын алғандықтан2017 жылғы 24 шілдеден бастап Департаменттің Заң басқармасының бас маманы лауазымына болып тағайындалды. Н. Н. Рахимов Департаментке келгенге дейін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жер қатынастары басқармасы» КММ-де жұмыс істеді. Сол ұйымда арнайы тексеруден өтті, ҰҚК СҚО бойынша департаментінің 17.02.2015 жылғы №791 хаты. Департамент Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде тексеру жүргізді. 2017 жылғы 24 шілдедегі № 693815493483 талап.
Бюро, аумақтық бөлімшелер, «АЕО» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің әрекеттері мен әрекетсіздігіне жеке, заңды тұлғалардың өтініштері бойынша.
2021 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында Ұлттық статистика бюросына 201 өтініш түсті.
2022 жылғы қаңтардан бастап 30 қыркүйек аралығында 332 өтініш түсті.
Барлық жолданымдар белгіленген мерзімде орындалды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Тексерілетін кезеңде 171 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны.
Тексерілетін кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуден 42 бас тарту болды.
Бас тарту себептері:
- көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмеуі – 27;
- көрсетілетін қызметті алушы төлем жасаған жоқ – 12;
- сұратылған статистикалық ақпараттың болмауы – 1.
- көрсетілетін қызметті алушы өтінішті қайтарып алды – 2.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсетуден іс жүзінде бас тартуы шамамен 12% құрайды, бұл жоғары пайыз мынадай мән-жайлармен байланысты, өтінімді ресімдеу барысында статистикалық саланың ерекшеліктерінде қиындықтар бар: өтінімге қосымшаны дұрыс ресімдемеу көрсетілетін қызметті берушіден бас тарту алуға әкеледі; қызмет көрсетудің бизнес-процесі үлгілік емес, қызметтің құны алдын ала белгісіз және өтінім өңделгеннен кейін ғана есептеледі.
Азаматтар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша «АЕО» РМК филиалдарының жауапты тұлғалары үшін 36 семинар өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері мен тәртібі Қағидалардың 7,8,9-тармақтарында регламенттелген.
«АЕО» РМК мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жасырын мемлекеттік қызметтер және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріанықталған жоқ.
Бақылау функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Заңның 12-1-бабына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Заңның 12-2-бабына сәйкес респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауреспонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабына сәйкес профилактикалық бақылау алдын алу-профилактикалық сипатта болады.
Әкімшілікдереккөздерге бармай-ақ профилактикалық бақылау нысанында жүргізілетінмемлекеттік бақылау шеңберінде бұзушылықтар анықталған жағдайдақорытынды ресімделеді және жіберіледі, ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалады.
Реттеушімемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау үшін негіз болып табылады.
Бақылаужәне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылыпрофилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған,табылған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынымдардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау қадағалау және бақылау субъектілеріне жоспардан тыс тексеру тағайындау үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 13-тармағына сәйкес (2023 жылғы1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын сақтау саласында мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі бойынша талаптарды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінен алып тастау көзделеді.
Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі тек Статистика туралы заңмен реттелетін болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қаржы-шаруашылық қызметпен және бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Бюджетті бекіту және қаржы қаражатын игеру, бюджет қаражатын игеру және бөлу рәсімдеріне ішкі және сыртқы бақылау, есептілік түрлері, бюджет және қаржы қаражатының қомақты сомаларымен жұмыс істеу кезінде ішкі аудит және ішкі бақылау, бюджет және қаржы қаражатының жұмсалуын бақылауды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жүргізеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган болып табылады. Стратегиялық жоспарды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы стратегиялық жоспарда айқындалған мақсаттармен өзара байланысты республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды. Бюджеттік бағдарламаны жыл сайын жылжымалы негізде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жоспарлы кезеңге әзірлейді және тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемін қамтиды.
Тәуекелдерді басқару жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
2021 жылғы сәуір мен 31 желтоқсан аралығында ҚР СЖРА ҰСБмемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес 47 шарт және 19 қосымша келісім орындалды.
Бюроның 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарында 123 тармақ көзделген, оның ішінде 2022 жылдың 1 жартыжылдығында жоспардың 94 тармағы бойынша іс-шаралар өткізілді. Мемлекеттік сатып алу жоспары 76.4%-ға орындалды. Жоспардың 29 тармағы орындалуға жатады, олар жылдың соңына дейін орындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілді.
Тұжырымдаманың Іс-қимыл жоспарының 17-тармағы 2) тармақшасымен Бюроға (негізгі орындаушы) 2023 жылдың 4 тоқсанында орындау мерзімімен көрсеткіштерді есептеудің қолданыстағы әдістемелерін қайта қарау жөніндегі іс-шара бекітілді.
Бюро әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылау жүргізу шеңберінде Бюромен келісілмеген көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін анықтау мақсатында нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізді.
Мониторинг нәтижелері бойынша келісілмеген нысандар анықталып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі мемлекеттік органдарына қорытындылар жіберілді:
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Ақмола облысының әкімдігі көрсеткіштерді есептеу әдістемесін, ал Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін келісу сатысында келісті.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Сондай-ақ, 2022 жылғы тамызда «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» РММ директоры Ж. А. Дәуренов тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 154-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық фактісі (Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай қызметті жүзеге асыруға тыйым салу белгіленген тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен айналысуы) анықталғанын қосымша хабарлаймыз, ағымдағы жылғы 22 тамызда Ж. Дәуреновке қатысты әкімшілік хаттама жасалып, іс материалдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. 2022 жылғы 15 қыркүйекте сот әкімшілік істің материалдарын қарап, ҚР ӘҚБтК-нің 154-бабы бойынша Ж.Дәуреновті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды және 428 820 теңге көлемінде айыппұл салды. Сот отырысында құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер анықталмағаны анықталды.
Ұсыным: Кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті 2022 жылғы 30 қарашаға дейін Бюрода және оның аумақтық бөлімшелерінде осындай фактілерді тексеру бойынша рәсімдік іс-қимылдар жүргізсін.
Жұмыс тобының
басшысы М. Тұрлыбаев
Жұмыс тобы
басшының орынбасары С. Жасұзақов
Жұмыс тобының хатшысы Н. Шарипов
Жұмыс тобының мүшелері А. Бегалин
Г. Айбасова
Ж. Жанұзақова
А. Кариполлин
Е. Аңдас
А. Арынғазина
Н. Рахметжанова
Е. Ұлтанов
Г. Қойгелдина
Е. Мәлімбаев
И. Алшынбаев