Білім беру және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы

         Астана қаласы                                                                                                         город Астана

 

Білім беру және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы               № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

1) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру туралы есеп» (индексі 2-НК, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру туралы есеп» (индексі 2-НК, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының есебі» (индексі ОВПО, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының есебі» (индексі ОВПО, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

5) «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» (индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

6) «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» (индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;

7) «Білім беру, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары көрсеткен қызметтердің көлемі туралы есеп» (индексі 1-қызмет көрсету, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;

8) «Білім беру, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары көрсеткен қызметтердің көлемі туралы есеп» (индексі 1-қызмет көрсету, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;

9) «Білім беру, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету ұйымының қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп» (индексі Әлеуметтік қаржы, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;

10) «Білім беру, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету ұйымының қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп» (индексі Әлеуметтік қаржы, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;

         11) «Ұйымның арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі есебі» (индексі 3-әлеуметтік қамсыздандыру, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;

         12) «Ұйымның арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі есебі» (индексі 3-әлеуметтік қамсыздандыру, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;

         13) «Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп» (индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;

         14) «Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп» (индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;

         15) «Санаториялық-курорттық қызмет туралы есеп» (индексі 1-санаторий, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;

         16) «Санаториялық-курорттық қызмет туралы есеп» (индексі 1-санаторий, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа                       16-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  1. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:

         1) «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 12 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19980);

         2) «Білім беру және ғылым статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 13 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19969).

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2022 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы

 

Ж. Шаймарданов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім министрлігi

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігi

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігi

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрлігi

 

 

Дата публикации
14 ноября 2022