«Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

         Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                         город Нур-Султан                                                                                                            

 

 

«Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

 кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының  2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақтың 1), 2), 3) - тармақшалары алынып тасталсын;

4, 5, 14, 15, 18, 19, 20, 21, 22 және 23-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы

 

Ж. Шаймарданов

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Экология, геология

және табиғи ресурстар министрлігі

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 19.09.2022

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 29652 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан - директор Департамента Самат Советович Жасузаков, 09.09.2022 17:12:14, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Алма Кайратовна Муканова, 15.09.2022 18:37:26, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросы - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы Ж. Шаймарданов, 16.09.2022 10:37:17, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
18 октября 2022