Қазақстан РеспубликасыныңСтратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті туралы ереже (№ 16-14-22)

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының               2022 жылғы  «»

№  бұйрығына 14-қосымша

 

 

Қазақстан РеспубликасыныңСтратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті туралы ереже

(№ 16-14-22)

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті(бұдан әрі –Департамент) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі - Бюро) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясын, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы23 қарашадағыЗаңын, «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің мемлекеттік қызмет саласындағы актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылы 5 қазандағы №427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережені, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқбұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені, және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымы мен қызметкерлерінің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Бюро басшысының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы бекітеді.
  4. Департамент:

1)Кадр жұмысы басқармасы (бұдан әрі – КЖБ);

2)Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тіл басқармасынан(бұдан әрі – ҚҚМТБ) тұрады.

 

  1. Департаменттіңмақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаты:

1) мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру;

2) мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік органда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту;

4) Бюродақұжат айналымын ұйымдастыру және мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

 

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) оған Заңмен және осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді Бюроның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;

2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;

3)Департаменттің нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізеді;

4) Департаменттің, Бюроның жұмысын жақсарту бойынша Бюро басшылығына ұсыныстар енгізеді;

5) Бюроның және оның аумақтық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық және штат құрылымын әзірлеуге қатысуға;

6) электрондық құжат айналымның енгізілуіне байланысты Бюрода қағаз жеткізгіштердегі құжаттардың артық санын қысқартуға шараларды қолдануға;

7) Бюроның құрылымдық бөлімшелерінде құжат айналымын ұйымдастыру үшін тиісті шараларды қабылдауға;

8) Бюроның құрылымдық бөлімшелері құжаттармен жұмыс жасаудыңбекітілген ережелерін орындау кезінде олармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

9) Бюроның құрылымдық бөлімшелерінен және ведомстволық бағынысты ұйымның архивтерінен Бюроның архив жұмысына қажетті мәліметтерді сұратуға;

10) Бюроның құрылымдық бөлімшелері, оның аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты ұйымында мемлекеттік тілде іс жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыруға;

11) Департамент құзыретіне жататын мәселелерді қарау кезінде тиісті органдарда Бюроның мүддесін білдіруге;

12) заңнамада белгіленген тәртіппен құзыреті шегінде ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

13) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді, оларды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыруды, мүдделі мемлекеттік органдармен талқылауды, келісуді және тиісті қорытындыларды (Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және осы орган жанындағы Сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын), сондай-ақ осы орган жанындағы Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын және «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы алуды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес бекітуге;

14) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қараудың уақтылығына бақылауды жүзеге асыруға;

15) сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу мақсатында және азаматтардың жолданымдарында Бюроның, оның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымның қызметі саласында сыбайлас жемқорлық фактісі туралы ақпарат бар болуын анықтау мәніне келіп түскен жолданымдарға талдау жүргізуге;

16) нормативтік емес құқықтық актілерді әзірлеуді қамтамасыз етуге;

17)Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді талап етпейтін нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне жолдау және орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті;

18) КЖБ Заңға, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қызмет саласындағы актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді;

19) КЖБ-нің қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді;

20) міндеттен туындайтын өзге де функциялар.

 

  1. Функциялары:

1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

2) мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

4) мемлекеттік органның кадрларына мониторинг және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;

5) Бюроның құрылымын, штат саны мен штат кестесін әзірлеуге қатысу;

6) құзыреті шегінде ақпаратқа қолжетімділікті  қамтамасыз ету;

7) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

8) мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағылымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру арқылы қамтамасыз ету;

9) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері бойынша өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

10) мемлекеттік қызметке  кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды, қызметтік тексерулер, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметінебағалау жүргізуді, аттестаттау мен оқытуды қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде);

11) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды  жүргізуді ұйымдастыру;

12) Бюроның аумақтық бөлімшелеріне кадр мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету; 

13) КЖБ жұмысының бағыттары бойынша қажетті есепке алу мен есептілікті құруды қамтамасыз ету;

14) Департаменттің сапа саласындағы мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шараларын іске асыру;

15) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен шарттарының, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;

16) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органның актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.

17) Департамент Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады;

18) құжаттарды қабылдауды, бастапқы өңдеуді, алдын-ала қарауды, тіркеуді, есепке алуды, сақтауды, жеткізу және жөнелтуді жүзеге асыру;

19) кіріс хат-хабарларының сапасы мен сипатын талдау, өз құзыреті шегінде қойылған мәселелерді шешу, құжат айналымы жүйесін жетілдіруге қатысты шаралар қабылдау;

20) жоғары тұрған органдардың бақылауда тұрған тапсырмаларын, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Бюроның құрылымдық бөлімшелерінің орындау мерзімін бақылау және ұйымдастыру;

21) белгіленген тәртіппен бақылаудағы құжаттарды орындау мәселелері бойынша Агенттікпен өзара іс-қимыл;

22)құжат айналым бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, 9 ай үшін, жылдық есептерді жасау;

23) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмыс туралы жалпы статистиканы тоқсан сайын  ұсыну;

24) Бюроның бақылаудағы тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпаратты Агенттікке апта сайын ұсыну;

25) Бюро басшылығының азаматтарды қабылдауының тоқсан сайынғы графиктері бойынша ақпарат дайындау;

26) Бюро басшылығының азаматтарды қабылдау нәтижелері туралы ақпараттыАгенттікке тоқсан сайын ұсыну;

27) Бюроға «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісімен түсетін құжаттарды, істер мен басылымдарды қабылдау және есепке алу (тіркеу) және сақтау;

28) Бюро басшысы бекіткен графикке сәйкес Бюро басшылығының азаматтарды қабылдауы бойынша жұмысты ұйымдастыру;

29) Бюрода жиынтық Істер номенклатурасын дайындау;

30) Бюроның негізгі қызмет бойынша бұйрықтарын ведомстволық архивке тапсырғанға дейін есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету;

31) ведомстволық архивке тапсыру үшін Бюроның құрылымдық бөлімшелерінде істерді қалыптастырудың дұрыстығына  бақылауды қамтамасыз ету.

32) мемлекеттік тілдегі жарияланымдарды, баяндамаларды, жинақтарды, бюллетеньдерді редакциялауды қамтамасыз ету;

33) стендтер мен маңдайшалардың, папка-тіркелімдердің мемлекеттік тілде дұрыс ресімделуін бақылау;

34) Бюро қызметкерлерінің ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік тілге қатысты біліктілікті арттыру курстарынан өтуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

35) нормативтікқұқықтық және құқықтық актілерге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде әзірлеушісі Бюро болып табылатын Агенттіктің нормативтікқұқықтық актілерінің тең түпнұсқалығына талдау жасау және оларға қол қою;

36) Бюрода мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі жұмыстарды жоспарлау;

37) кіріс және шығыс хат-хабарлар бойынша тоқсан сайынғы есепті құрастыру;

38) Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі                   2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі ақпаратты дайындау;

39) әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз ету;

40) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберілетін шығыс хат-хабары құжат жобасы жасалғанға дейін оларда тапсырмаларға сілтеме бар-жоғы және дұрыс ресімделуі, сондай-ақ іс-шаралар жоспарлары мен олардың бекітілуі туралы актілердің сәйкестігі тұрғысынан, сондай-ақ тиісті қосымшалардың болуына Бюроның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметімен келісуге жатады»;

41) көрсетілген міндеттерден туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

  1. Департаменттіңқызметін ұйымдастыру

 

  1. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Бюро басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын директор басқарады.
  3. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуынажәне өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Департамент директоры мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  5. Мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

 

Дата публикации
23 сентября 2022