Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы « » № бұйрығына 15 -қосымша
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму департаменті туралы ереже
(№ 16-15-22)
1) Халықаралық статистикалық ынтымақтастық басқармасы (ХСЫБ);
2) Орнықты даму мақсаттарының статистикасы басқармасы (ОДМСБ).
1) Бюроның халықаралық ынтымақтастығын жүзеге асыру.
2) ғылыми әдіснама және халықаралық стандарттардың негізінде бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің қолданылуын және жетілдіруді қамтамасыз ету
3) мемлекеттік статистиканы жетілдіру бағдарламасында және Бюроның тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстарының жоспарында көзделген іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
4) болып жатқан Орнықты даму мақсаттары (бұдан әрі – ОДМ), гендерлік статистика, балалар статистикасы саласындағы процестер туралы жан-жақты және объективті зерделеу, жалпылау және жұртшылықты ақпараттандыру.
5) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау.
6) ресми статистикалық ақпараттың сапасын арттыру.
1) оған жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылымдық бөлімшелерден және ведомстволық бағынысты ұйымдардан белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
2) Республика бойынша жиынтық ақпаратты қалыптастыру үшін, сондай-ақ әртүрлі есептер, салыстыру және талдау жүргізу үшін әдіснамалық тәсілдерді жетілдіру мақсатында ОДМ, гендерлік статистика, балалар статистикасы саласында аумақтық органдармен өзара іс қимыл жасауға;
3) Статистикалық жұмыстар жоспарымен белгіленген көлемдерде және мерзімдерде респонденттерден және әкімшілік дереккөздерден анық алғашқы статистикалық және әкімшілік деректерді алуға;
4) Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша іс-шараларды өткізу, сонымен қатар Бюроның құрылымдық бөлімшелерінің мамандарын, мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартуға;
5) Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Бюроның халықаралық ұйымдар мен ұлттық статистикалық қызметтер өкілдерімен ОДМ, гендерлік статистика және балалар статистикасы саласында әдіснамалық көмек алу мен ұсыну мақсатында іс-шараларын өткізуге және оған қатысуға;
6) оған жүктелген функцияларды орындау мақсатында халықаралық жобаларға, жұмыс топтарына және басқа да іс-шараларға қатысуға;
7) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бюро басшылығына ұсыныстар енгізуге құқылы;
8) заңнама талаптарына сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актілерді өзгерту және толықтыру немесе күшін жою туралы ұсыныстарды енгізеді;
9) өз құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға және әзірлеуге;
10) ғылыми-әдіснамалық және сарапшылық кеңестерді, сондай-ақ ОДМ, гендерлік статистика, балалар статистикасы саласындағы әдіснамалық базаны жетілдіру мәселелері жөнінде жұмыс тобын құру бойынша, статистикалық ақпаратты жинау және өңдеудің аса маңызды мәселелерін шешу үшін ұсыныстар енгізуге;
11) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысуға;
12) статистиканы жетілдіру мәселелері бойынша әдіснамалық кеңестердің жұмысына қатысуға;
13) өз құзыреті шегінде әдіснамалық ережелер, әдістемелік нұсқаулар және басқа да нормативтік актілердің жобаларын әзірлеуге;
14) оған жүктелген функцияларды орындау мақсатында халықаралық жобаларға, жұмыс топтарына және басқа да іс-шараларға қатысуға;
15) құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге қайшы келетін орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін және құқықтық актілерін өзгерту, толықтыру, күшін жою немесе күшін жоюға қою туралы ұсыныстарды енгізуге;
16) құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
17) Департаменттің нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу;
18) нормативтік емес құқықтық актілерді әзірлеуді қамтамасыз етуге;
19) Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды жүзеге асыруға міндеттерді қабылдайды.
Функциялары:
1) Бюроның халықаралық ынтымақтастығын іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) Бюроның халықаралық ынтымақтастық бойынша қызметін жоспарлауды қамтамасыз етеді;
3) халықаралық жобаларды ынтымақтастық бағдарламаларын жасасу бойынша жұмысты жүргізуді қарастырады;
4) статистика саласындағы халықаралық іс-шараларға қатысу кезінде хаттамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
5) Бюроның шетелдік статистикалық ұйымдар және институттармен ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыру перспективаларының мониторингін қамтамасыз етеді;
6) Бюроның, сондай-ақ Департамент ұйымдастыратын кеңестерге, кеңейтілген отырыстарға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындайды;
7) Департаменттің міндеттерінен туындайтын өзге де функцияларды іске асырады;
8) ОДМ, гендерлік статистика, балалар статистикасы бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуді және халықаралық әдіснамалық ұсынымдардың Қазақстан Республикасының жағдайына бейімдеуді, оларды статистикалық қызметтің тәжірибесіне енгізуді жүзеге асырады;
9) ОДМ, гендерлік статистика, балалар статистикасы саласында ресми статистикалық ақпараттың объективтілігін, анықтығы мен тұтастығын ғылыми әдіснама негізінде қамтамасыз ету;
10) ОДМ статистикасы, гендерлік статистика, балалар статистикасы статистикалық көрсеткіштердің мониторингін және соның негізінде ОДМ қол жеткізуді сипаттайтын индикаторларды, гендерлік теңдікті, елдегі балалар жағдайына негізгі бағалау жүргізеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді;
12) ОДМ, гендерлік статистика, балалар статистикасы саласындағы мемлекеттік саясатқа сәйкес статистикалық көрсеткіштердің жеткіліктілігін қамтамасыз етеді;
13) жалпымемлекеттік статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуге, сондай-ақ қолданыстағы статистикалық нысандарға мониторинг жүргізуге қатысады;
14) ОДМ, гендерлік статистика, балалар статистикасы саласында, соның ішінде жаңа ақпараттық технологиялар мен жүйелерді пайдалана отырып жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
15) ресми статистикалық ақпаратты жинау және өндеу сапасын және жеделдігін арттырады, озық ақпараттық технологияларды және жүйелерді енгізеді;
16) ОДМ, гендерлік статистика, балалар статистикасы саласында ақпаратты-статистикалық деректер базасын жинау, жүргізу және өзектілендіруді қамтамасыз етуге қатысады;
17) ОДМ, гендерлік статистика, балалар статистикасы саласындағы ұйымдастырушылық және әдіснамалық басшылықты және Бюроның аумақтық органдарының әдістемелік ұсынымдарды орындауын бақылауды жүзеге асырады;
18) ОДМ, гендерлік статистика, балалар статистикасы саласындағы Бюроның аумақтық органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, олардың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларға практикалық көмек көрсетеді;
19) ОДМ, гендерлік статистика, балалар статистикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізеді, соның ішінде әдіснамалық қолдау мен практикалық көмек көрсетуде;
20) ОДМ, гендерлік статистика, балалар статистикасы мәселелері бойынша соның ішінде халықаралық әдіснамалық материалдарды бейімдеу және есептілік пен жаһандық деңгейдегі салғастыру үшін деректерді ұсыну мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
21) ОДМ, гендерлік статистика, балалар статистикасы мәселелері бойынша оқыту семинарлары мен тренингтер, кеңестер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
22) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Стратегиялық және Операциялық жоспарларына, Бюроның Статистикалық жұмыстар жоспарына қосу үшін өз құзыреті шегінде ұсыныстарды енгізеді;
23) Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Стратегиялық және Операциялық жоспарларында жоспарланған іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
24) Бюроның аумақтық органдарына деректерді жинауды және өңдеуді, ОДМ, гендерлік статистика, балалар статистикасы саласында жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізуді ұйымдастыру кезінде әдіснамалық көмек көрсетеді және Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, олардың нәтижелерінің жариялануын қамтамасыз етеді;
25) статистикалық ақпаратты мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ ОМД-ға мүше мемлекеттердің статистикалық органдарына, өз құзыреті шегінде қолданыстағы шарттар бойынша міндетемелерге сәйкес халықаралық ұйымдарға ұсынады;
26) жеке және заңды тұлғаларға жиынтық статистикалық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
27) салалық статистикалық жинақтарды дайындауды жүзеге асырады, сондай-ақ Бюроның тиісті құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп статистикалық жинақтар, жарияланымдар, экономикалық шолулар және басқа да статистикалық материалдарды шығару бойынша жұмыстарды жүргізеді;
28) қажет болған жағдайда ОДМ, гендерлік статистика, балалар статистикасы саласында ғылыми-зерттеу және талдамалық жұмыстарды өткізуді ұйымдастыруға қатысады;
29) ОДМ, гендерлік статистика, балалар статистикасы мәселелері бойынша Департамент (Бюро) ұйымдастыратын кеңестерге, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдарды дайындайды;
30) ОДМ гендерлік статистика, балалар статистикасы саласында Бюроның қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және Бюроның ресми интернет-ресурсында жекелеген бөлімдер құру үшін тиісті материалдарды қалыптастырады;
31) ОДМ, гендерлік статистика мен балалар статистикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
32) кіріс хат-хабарларды қарау қорытындылары бойынша материалдардың және қорытындылардың уақтылы дайындалуын, өз құзыреті шегінде Бюро басшылығының өзге де тапсырмаларының орындалуын жүзеге асырады;
33) құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын, олардың жағдайы мен Бюроның мұрағатына сақтауға өткізуге дейінгі сақталуын жүзеге асырады;
34) ОДМ, гендерлік статистика, балалар статистикасы мәселелері бойынша министрліктермен және олардың ведомстволарымен, аумақтық органдармен республикалық кеңестер, семинарлар өткізуге қатысады;
35) Департамент және Бюроның аумақтық органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;
36) Департамент міндеттерінен туындайтын өзге де функцияларын жүзеге асырады;
37) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді, оларды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыруды, мүдделі мемлекеттік органдармен талқылауды, келісуді және тиісті қорытындыларды (Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және осы орган жанындағы Сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын), сондай-ақ осы орган жанындағы Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын және «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы алуды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес бекітуге;
38) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оларды тіркеуді талап етпейтін нормативтік құқықтық актілерді Эталонды бақылау банкіне жолдау және орналастыруды қамтамасыз етеді.