Энергетика статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы

ЖОБА

 

 

 

 

«Энергетика статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Энергетика статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20027 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жне реформалар агенттігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) «Жылу электр станциялары мен қазандықтардың жұмысы туралы есеп» (индексі 6-ТП, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) «Жылу электр станциялары мен қазандықтардың жұмысы туралы есеп» (индексі 6-ТП, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) «Газ кәсіпорындарының қызметі туралы есеп» (индексі 1-ГАЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) «Газ кәсіпорындарының қызметі туралы есеп» (индексі 1-ГАЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

5) «Энергияның соңғы тұтынуы» (индексі 1-КПЭ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

6) «Энергияның соңғы тұтынуы» (индексі 1-КПЭ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;

7) «Мұнай өндіруші, мұнай өңдеуші кәсіпорындардың және мұнай өнімдерін сататын кәсіпорындардың қызметі туралы есеп» (индексі
1-НЕФТЬ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;

8) «Мұнай өндіруші, мұнай өңдеуші кәсіпорындардың және мұнай өнімдерін сататын кәсіпорындардың қызметі туралы есеп» (индексі
1-НЕФТЬ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;

9) «Көмір кәсіпорындарының қызметі туралы есеп» (индексі 1-УГОЛЬ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;

10) «Көмір кәсіпорындарының қызметі туралы есеп» (индексі
1-УГОЛЬ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;

11) «Электр энергиясын өндіру, беру, тарату және сату туралы есеп» (индексі 1-ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЯ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа
11-қосымшаға сәйкес;

12) «Электр энергиясын өндіру, беру, тарату және сату туралы есеп» (индексі 1-ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЯ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;»;

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

13, 14-қосымшалар алып тасталсын;

осы бұйрыққа 13, 14-қосымшаларға сәйкес ,13, 14-қосымшаларымен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

Жоба
Дата публикации
11 июля 2022