ЖОБА
«Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімділік деңгейі» (индексі УДН, кезеңділігі жылына екі рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімділік деңгейі» (индексі УДН, кезеңділігі жылына екі рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 22227 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
1 және 2 - қосымшалар осы бұйрыққа 1және 2 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігi
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігi
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігi
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы соты