ЭҚ РМК"ҚР СЖжРА АЕО" директорының бос лауазымынаорналасуға конкурс

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы,

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8,Министрліктер үйі,

4-кіреберіс, байланыс телефондары: 8(7172) 74-95-30, 74-97-87, 74-95-29

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлаужәне реформалар агенттігі Ұлттық статистикабюросының Ақпараттық-есептеу орталығы»

шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымынаорналасуға конкурс жариялайды

 

 

  1. Бос лауазымға орналасу конкурсын өткізу күні және орны: 2022жылғы 27 шілде,Нұр-Сұлтан қаласы,Мәңгілік ел даңғылы, 8, 4-кіреберіс.
  2. Кәсіпорынның атауы: «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыныңАқпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК.

Орналасқан орны: Z00T6E5,Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоныр ауданы, Иманов көшесі, 13-үй. «Нұр-Сәулет» БО. Телефоны: 8 (7172) 55 24 11.

Кәсіпорын қызметінің мәні мемлекеттiк монополияға жатқызылған салалардағы қызметтi жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты статистиканың барлық бөлімдері бойынша статистикалық деректер базасын қалыптастыру және жүргізу, осы деректерді заңнамада белгіленген тәртіппен пайдаланушыларға ұсыну болып табылады.

  1. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

1) әлеуметтік ғылымдар, бизнес, басқару және құқық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

            1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

            2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

            3) еркін түрде жазылған өмірбаян;

            4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

            5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

            6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

  1. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн өткен соңаяқталады.

Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 4-кіреберіс, 810-кабинетбайланыс телефондары: 8 (7172) 74-95-30,74-97-87, 74-95-29.

Конкурс
Дата публикации
08 июля 2022