Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпартты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы

Жоба

 

«Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпартты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 53 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

 

  1. «Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10893 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы Үлгілік әдістемеде «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндердегі ұғымдар қолданылады.».

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                         ТАӘ

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы

Ұлттық банкі

Методика
Дата публикации
03 марта 2022