"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 26 тамыздағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 тамызда № 24135 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
Аталған бұйрықпен бекітілген "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі, мәліметтер жоқ болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызмет алушыға "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 2-тармағына сәйкес себептерін көрсетумен жауап жолдайды.
Егер көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны Қағидалардың талаптарына сәйкестікке келтірмеген жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік), Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Бюро) басшысының атына немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, Агенттіктің немесе Бюроның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
3, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік құпиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қорғау департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы |
К. Келимбетов |
|
||||
|
|
2021 жылғы 26 тамыздағы |
|||||
|
"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты |
|
|||||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары. |
|
|||
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: |
|
|||
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
9 (тоғыз) жұмыс күні. |
|
|||
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (жартылай автоматтандырылған). |
|
|||
|
5 |
Қызмет көрсету нәтижесі |
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: |
|
|||
|
6 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №199 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10161 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бойынша ақылы түрде көрсетіледі. |
|
|||
|
7 |
Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің – |
|
|||
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) портал арқылы: |
|
|||
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз |
Көрсетілетін қызметті беруші: |
|
|||
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбаны портал арқылы пайдалануға, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
|
|||
|
|
2021 жылғы 26 тамыздағы |
|||||
|
|
Нысан |
|||||
|
|
(Көрсетілетін қызметті |
|||||
|
|
(көрсетілетін қызметті |
|||||
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
Сіздің 20__ жылғы____________ №_______ сұрау салуыңызға "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АЕО" РМК) 20___ жылғы ________ № ___бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ____ болып тіркелген) Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру қағидаларының 3-қосымшасының 9-тармағына сәйкес "АЕО" РМК Сізге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартатынын хабарлайды.
Директор ___________
|
|
2021 жылғы 26 тамыздағы |
Статистикалық ақпаратты беру туралы хабарлама
20___ жылғы "___" ________________ "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің 20___жылғы №____сұрау салуыңызға_________ деректер қалыптастырылғанын және көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жолданғанын хабарлайды.
Директор ____________________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК