Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Экологиялық-экономикалық есепке алу –2012 жүйесін енгізу (ЭЭЕЖ)» жобасын іске асыру туралы 2018 жылғы
3 қыркүйектегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Экологиялық-экономикалық есепке алу – 2012 жүйесін енгізу (ЭЭЕЖ)» жобасын іске асыру туралы 2018 жылғы 3 қыркүйектегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
- Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Нематұлы Келімбетовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Экологиялық-экономикалық есепке алу – 2012 жүйесін енгізу (ЭЭЕЖ)» жобасын іске асыру туралы 2018 жылғы 3 қыркүйектегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин