2017 жылдың 26-28 сәуір аралығында Париж қаласында (Франция) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Индустрия, инновация және кәсіпкерлік комитетінің отырысы өтті. Комитет отырысында түрлі агенттіктерінің сарапшылары, оның ішінде ҒЗТҚЖ (НИОКР) және инновациялар саласындағы қызметкерлер, солардың ішінде ЕО және Азия мемлекеттерінің ғалымдары қатысты.
Қазақстан Республикасы тарапынан Инвестициялар және даму министрлігінің, «ПИТ» Автономиялық кластерлік қоры, Статистика комитеті, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері қатысты.
31 мамыр 2017 жыл.
Әзірбайжан Республикасы (Баку қ.)
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің Статистикалық қызметтер басшылары Кеңесінің (одан әрі - Кеңес) 57-ші отырысы 2017 жылдың 31-ші мамырда Баку қаласында өтті. Отырысқа Әзірбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикаларының Ұлттық статистикалық қызметтерінің, сонымен қатар ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар ТМД мемлекет басшылары кеңесінің: «ТМД мемлекеттерінің 2020 жылға халық санағын өткізу туралы» және «2017-2020 жылдары аралығында БҰҰ-ң мамандандырылған мекемелер және Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа құрылымдары арасындағы статистика саласындағы байланыстарды одан әрі кеңейту және өзара қарым-қатынасты тереңдету негізгі бағыттары жөніндегі» шешімдерін талқылап қарастырды.
Сонымен қатар, Кеңес отырысында 2018 жылға арналған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекетаралық статистикалық комитетінің жұмыс жоспары, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы статистикалық қызметтер басшылар кеңесінің 2016 жылғы және ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің 2016 жылғы жұмыстары бойынша есебі бекітілді.
2017 жылдың 19-21 маусым аралығында Женевада БҰҰ ЕЭК штаб-пәтерінде Еуропалық статистиктер Конференциясының кезекті 65-ші пленарлық отырысы және Статистика және саясат жөніндегі ЭЫДҰ Комитетінің статистика саласындағы 14-ші кездесу өтті.
Қазақстандық делегацияны Статистика комитетінің Төрағасы Н.С. Айдапкелов басқарды. Сессияға 58 елдің және 19 халықаралық ұйымдардың делегаттары қатысты. Сессия барысында Конференция геокеңістік деректері мен ресми статистиканың интеграциясы мәселелерін, кедейлікті өлшеу нұсқаулығы бойынша қалыптасқан жағдайды, «Тұрақты даму мақсаттарына арналған Жол картасын», климаттың өзгеруіне қатысты басты көрсеткіштер жиынтығын, Ресми статистика пайдалылығын, төленбейтін үй жұмыстары және демографиялық болжам бойынша ақпарат ұсыну мәселелерін талқыланды.
Конференция Ресми статистикалық жаңғырту бойынша жоғары деңгейдегі Тобының қызметін қолдады. Кедейлікті өлшеу мәселесіне ЕСК шеңберінде ұйымдастырылған семинар арналды, ол жаңа тұрақты даму мақсаттарының құрылуына байланысты статистикалық қауымдастықтың әрекет жоспарын анықтауға мүмкіндік берді.
21 маусым күні Төраға статистика және статистикалық саясат жөніндегі ЭЫДҰ комитетінің 14-ші отырысына қатысты.
Тұрақты даму мақсаттарына жетуді мониторингілеу сұрақтары бойынша семинар
25-27 қыркүйек
(Бурабай ауылы, Қазақстан)
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 25-27 аралығында Қазақстан Республикасы ҰЭМ Статистика комитеті БҰҰ жүйесі мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен барлық мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, кәсіподақтар бірлестігі, ғылыми-зерттеу ұйымдары, үкіметтік емес секторы, БҰҰ агенттіктерінің және халықаралық сарапшылардың қатысуымен ТДМ статистикасы бойынша алғашқы ұлттық техникалық кеңес өткізді.
Аталған іс-шараның мақсаты – ұлттық статистикалық жүйенің ТДМ мониторингі үшін жаhандық индикаторларды өндіруге даярлығын бағалауды жүргізу, сонымен қатар Қахақстан үшін өзекті болатын қосымша ұлттық индикаторларды анықта болып табылады.
Жалпы, кездесу үш бөлімге бөлінді:
-Кездесудің бірінші бөлімі атқарылған жұмыстың халықаралық және ұлттық деңгейде қарастыруға, аталған бағытта өзге елдердің тәжірибелерімен танысуға («ұлттандыру», басты тараптармен кеңес өткізу, есептілік пен мониторингтеу үшін ұлттық платформаларды қалыптастыру, елдік баяндамаларды дайындау) бағытталған;
-Кездесудің екінші бөлімінде қатысушылар 8 топқа бөлінді. Әр топ екі фасилитатордың төрағалығымен жұмыс жасады, әрбір бірінші фасилитатор халықаралық сарапшы болып саналатын мемлекеттік орган өкілі.
Семинар нәтижесінде ұлттық статистикалық жүйенің ТДМ мониторингі үшін жаhандық индикаторларды өндіруге даярлығын бағалауға қатысты, сонымен қатар ұлттық көрсеткіштер бойынша жұмыстар жасалды.
Аталған іс-шара барысндағы оң нәтижелердің бірі ТДМ мониторингілеу мәселелері бойынша ведомствоаралық Жұмыс тобы шеңберіндегі жеке және Үкіметтік емес секторлардың, мемлекеттік органдардың қатысушыларының арасындағы ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынасты түзету болып табылады. Жаhандық индикаторларды бірлесе талқылау және басым ұлттық көрсеткіштерді анықтау қатысушыларға дамудың жаhандық күн тәртібінің ТДМ үдерісін жүзеге асыруда өзіндік орны мен ролін, мәнімен белгіленуі мен мағынасын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы Статистикалық консультативтік комитетінің 11-ші отырысы
5 қазан
(Мәскеу, Ресей Федерациясы)
2017 жылы 5 қазанда Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Статистикалық консультативтік комитетінің (бұдан әрі - Комитет) 11-ші отырысы Интеграция және макроэкономика Алқасының мүшесі Т.Д.Валованың төрағалығымен өтті.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өкілдері Комитет мүшелерімен бірге кездесуге қатысты. Бұл отырысқа ҚР ҰЭМ Статистика комитеті төрағасының орынбасары Г.М. Керімханова қатысты.
Комитет отырысында 2018 жылға арналған Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикалық жұмыс бағдарламасының жобасы, 2016-2020 жылдарға арналған ЕЭО-тың Статистикалық бағдарламасында интеграцияны жүзеге асыру бойынша 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы, Еуропалық экономикалық одақ аймағындағы Тұрақты даму мақсаттарына жетуді көрсететін басым статистикалық көрсеткіштер тізбесі, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржылық статистика тұрғысынан ЕЭК ресми статистикалық ақпараттарының статистикалық көрсеткіштері тізбесін жаңартуға арналған ұсыныстар мақұлданды.
Ресми статистика заңына арналған семинар
21-22 қараша
(Кишинев қ., Молдова)
21-22 қараша аралығында Кишиневте (Молдова Республикасы) Молдова Республикасының ұлттық статистика бюросымен бірлесе отырып, Еуростат ұйымдастырған жоғары деңгейдегі семинар ұйымдастырылды.Бұл семинарға ШЕКОА елдерінің ұлттық статистикалық қызметтері, Молдова Республикасының Үкіметі мен Парламенті, ЕО, Еуростат, Молдова Республикасының БҰҰ Басқармасының жоғары деңгейдегі өкілдері қатысты.Бұл семинарда Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары Қ.Қ. Орынханов болды.
Семинар барысында Молдавия тарапы ШЕКОА елдерінің әріптестерімен Молдова Республикасының ресми статистика туралы жаңа Заңын дайындау мен қабылдау тәжірибесімен бөлісті.
Тараптар құжаттың негізгі элементтері бойынша озық тәжірибемен алмасып, жалпы ұлттық статистикалық жүйені оның ішінде заңнамалық базаны, сапаны басқару жүйесін, әкімшілік деректерге қол жеткізуді, құпиялылықты және ресми статистикалық ақпараттарды таратуды қоса алғанда маңызды мәселелерді талқылады.
28-30 қараша
(Алматы қ., Қазақстан)
2017 жылы 28-30 қарашасы аралығында Алматы қаласында (Қазақстан) «Тұрақты даму мақсаттары индикаторларын өндіруде дәстүрлі емес деректерді интеграциялау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарды БҰҰ Статистикалық бөлімі, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, БҰҰ қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті ұйымдастырды.
Семинарға Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия (ШЕКОА) ұлттық статистикалық мекемелердің өкілдері, БҰҰ статистикалық бөлімі, БҰҰ ЕЭК, Дүниежүзілік банк, БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы, БҰҰ қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Семинар барысында тұрақты даму мақсаттары көрсеткіштерін өндіруде дәстүрлі емес көздерді (әкімшілік деректер, тізілімдік жазбалар, геокеңістіктік деректер) пайдалануы қарастырылды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің статистикалық қызметтер басшыларының кеңесі
20 желтоқсан
(Мәскеу қ., Ресей Федерациясы)
2017 жылғы 20 желтоқсанда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) ЕЭО мүше мемлекеттердің ұлттық статистикалық қызметтері басшыларының кездесуі өтті. Ол кездесуде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары Қ.К. Орынханов қатысты.
Кездесу барысында ЕЭО мүше мемлекеттерде 2008 жылғы ұлттық шоттар жүйесін енгізу, халықаралық статистикалық жіктеу, 19-шы Халықаралық Еңбек статистикасының халықаралық конференциясында қабылданған жаңа стандарттар, Тұрақты даму мақсаттарына жету көрсеткіштері, 2020 жылғы ұлттық халық санағының дайындығы және цифрлық экономикадағы статистикалық байқау мәселелері талқыланды.
Ұлттық банктердің өкілдерімен біріге отырып төлемдер теңгерімінің «айналық» статистикасын орындау үшін бастапқы статистикалық деректермен алмасу мәселесі қарастырылды.