«Инновация және қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Инновация және қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 21 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Инновация және қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19914 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) «Инновациялық қызмет туралы есеп» (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) «Инновациялық қызмет туралы есеп» (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) «Лизингтік қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (индексі 1-лизинг, кезеңділігі жылдық) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) «Лизингтік қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (индексі 1-лизинг, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұскаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

5) «Көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп» (индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

6) «Көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп»(индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа
6-қосымшаға сәйкес;

7) «Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп» (индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;

8) «Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп» (индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа
8-қосымшаға сәйкес бекітілсін;

9) «Көрсетілген IT қызметтердің көлемі туралы есеп» (индексі 2-қызмет көрсету (IT), кезеңділігі жылдық)» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;

10) «Көрсетілген IT қызметтердің көлемі туралы есеп» (индексі 2-қызмет көрсету (IT), кезеңділігі жылдық)» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес»;

осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес 9, 10 қосымшалармен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Басшы

 

Н. Айдапкелов

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

 

 

 

Результаты согласования

Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан - директор Департамента Самат Советович Жасузаков, 11.11.2021 18:11:05, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр Наталья Виссарионовна Пан, 19.11.2021 17:52:10, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросы - Басшы Н. Айдапкелов, 22.11.2021 09:33:00, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
25 ноября 2021