«Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 18 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын
есептеуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы
27 желтоқсандағы № 18 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18095 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 12-бабын 8-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 59) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеу (бұдан әрі – Есептеу) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Есептеуді Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелері жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды (бұдан әрі – статистикалық байқау және санақ) жүргізу кезінде қолданады.»;

мынадай мазмұндағы 21-1 тармақпен толықтырылсын:

«21-1. Респондент Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағынан интернет желісі арқылы онлайн режимде өткен кезде және оның қолында ұлттық санақтан өткені туралы хабарлама болғанда интервьюерге әрбір ұсынылған хабарлама үшін 1 респондентке сауал салу құны мөлшерінде ақы төлеу белгіленсін.».

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Басшы

 

Н. Айдапкелов

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 26.10.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 24900 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан - директор Департамента Самат Советович Жасузаков, 15.10.2021 11:34:10, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр Акерке Естайкызы Ахметова, 20.10.2021 17:47:23, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросы - Басшы Н. Айдапкелов, 21.10.2021 09:27:03, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
23 ноября 2021