«Сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы
24 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
    № 19963 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1, 2, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6 және
7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Басшы

 

Н. Айдапкелов

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 11.11.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 25102 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан - директор Департамента Самат Советович Жасузаков, 25.10.2021 11:20:00, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Министерство юстиции РК - Вице-министр Наталья Виссарионовна Пан, 08.11.2021 17:31:58, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Результаты подписания

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросы - Басшы Н. Айдапкелов, 09.11.2021 09:14:02, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Дата публикации
19 ноября 2021