Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

 

 

 «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 12-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

         1) «Мектепке дейінгі білім туралы есеп» (индексі МҰ, кезеңділігі жылына бір рет) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) «Мектепке дейінгі білім туралы есеп» (индексі МҰ, кезеңділігі жылына бір рет) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Басшы

 

Н. Айдапкелов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

 

Результаты согласования

Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан - директор Департамента Самат Советович Жасузаков, 05.11.2021 11:12:07, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - И.о. министра Наталья Виссарионовна Пан, 11.11.2021 18:30:38, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросы - Басшы Н. Айдапкелов, 12.11.2021 09:27:23, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
18 ноября 2021