Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

 

 

 

 

«Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі №173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі №173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабының 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 25) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Мәдинет және спорт министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инновациялық даму министрлігі

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

 

 

Дата публикации
15 ноября 2021