Энергетика статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы

ЖОБА

 

 

 

Энергетика статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы

 

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

1)   «Жылу электр станциялары мен қазандықтардың жұмысы туралы есеп» (индексі 6-ТП, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2)   «Жылу электр станциялары мен қазандықтардың жұмысы туралы есеп» (индексі 6-ТП, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3)   «Газ кәсіпорындарының қызметі туралы есеп» (индексі 1-ГАЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4)   «Газ кәсіпорындарының қызметі туралы есеп» (индексі 1-ГАЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа
4-қосымшаға сәйкес;

5)   «Энергияның соңғы тұтынуы» (индексі 1-КПЭ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

6)   «Энергияның соңғы тұтынуы» (индексі 1-КПЭ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;

7)   «Мұнай өндіретін, мұнай өңдейтін кәсіпорындардың және мұнай өнімдерін сататын кәсіпорындардың қызметі туралы есеп» (индексі 1-НЕФТЬ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;

8)   «Мұнай өндіретін, мұнай өңдейтін кәсіпорындардың және мұнай өнімдерін сататын кәсіпорындардың қызметі туралы есеп» (индексі 1-НЕФТЬ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа
8-қосымшаға сәйкес;

9)   «Көмір кәсіпорындарының қызметі туралы есеп» (индексі 1-УГОЛЬ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;

10)  «Көмір кәсіпорындарының қызметі туралы есеп» (индексі 1-УГОЛЬ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа
10-қосымшаға сәйкес;

11)  «Электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және сату туралы есеп» (индексі 1-ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЯ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;

12)  «Электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және сату туралы есеп» (индексі 1-ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЯ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;

13)  «Отын мен энергияны тұтынуы бойынша үй шаруашылығын зерттеу сауалнамасы» (индексі Н-070, кезеңділігі бес жылда бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;

14)  «Отын мен энергияны тұтынуы бойынша үй шаруашылығын зерттеу сауалнамасы» (индексі Н-070, кезеңділігі бес жылда бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  1. «Энергетика статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 18 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20027 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Басшы

 

Н. Айдапкелов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Экология, геология және

табиғи ресурстар министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі

 

 

 

 

Дата публикации
26 октября 2021