«Білім берудің халықаралық стандарттық жіктелімі-2011» сызбасы бойынша білім берудің статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемені бекіту туралы

«Білім берудің халықаралық стандарттық жіктелімі-2011» сызбасы бойынша білім берудің статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру

 жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндет атқарушының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 220 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Білім берудің халықаралық стандарттық жіктелімі-2011» сызбасы бойынша білім берудің статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндет атқарушының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 220 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 97948 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабы 5) тармақшасына сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы
№ 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы
4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Білім берудің халықаралық стандарттық жіктелімі-2011» сызбасы бойынша білім берудің статистикалық көрсеткіштерін  қалыптастыру жөніндегі әдістеме осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)   осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Басшы

 

Н. Айдапкелов

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Қазақстан Республикасының

білім және ғылым министрілігі

Дата публикации
18 октября 2021