«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

C-4 санаты бойынша: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

   Санат           Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

                                      min                         max

    C-4                           138213                     186526

 

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы, пошта мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс, анықтама телефоны: 74-94-46, 74-95-30, 74-95-29, 74-97-87 e-mail: zh.burambaeva@aspire.gov.kz  
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

  1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті Инновациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және туризм статистикасы басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік)

            Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыстар жоспарына енгізілген жұмыстарды сапалы және өз уақытында орындауды қамтамасыз ету, әдістемелік, нұсқаулық материалдарды әзірлеу, статистикалық материалдарды әзірлеу, статистикалық есептілік нысандарын әзірлеу, енгізу тапсырмаларын әзірлеу, инновациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және туризм статистикасы бойынша статистикалық ақпаратты «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесінде  өңдеу және тарату.            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар);

құқық (құқықтану, халықаралық құқық); техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, стандарттау, сертификаттау және метрология, математикалық және компьютерлік модельдеу, мұнай газ ісі, техникалық физика, электр энергетикасы); жаратылыстану ғылымдары (математика, биология); білім (математика);  қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, туризм, жерге орналастыру) салаларында.

 

  1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті Әлеуметтік статистика басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің    2024 жылғы 10 наурызға дейінгі бала күтіміне арналған демалысы мерзіміне, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы, С-4 санаты, 1 бірлік)

            Функционалдық міндеттері: Әдіснамалық, статистикалық және талдамалық жұмысты жүзеге асыру, статистикалық деректерді қалыптастыру, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және қылмыстық статистика саласындағы статистикалық ақпаратты енгізуге және өңдеуге статистикалық құралдар мен тапсырмаларды дайындау.

Статистикалық есепке алу әдіснамасын сақтауды, статистикалық ақпаратты жинаудың барлық деңгейлерінде статистикалық ақпаратты қалыптастырудың уақтылығы мен сапасын, статистикалық көрсеткіштер мен статистикалық дерекқорлардың толықтығы мен анықтығын қамтамасыз ету.

            Аумақтық органдарға демографиялық статистика мәселелері бойынша практикалық және әдіснамалық көмек көрсету.

            Мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен және статистикалық ақпаратты басқа да пайдаланушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, оларды статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құжаттарын, тапсырмалары мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, әлеуметтану, демография); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу); жаратылыстану ғылымдары (математика); білім (математика) салаларында.

 

  1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Халықаралық статистикалық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік)

            Функционалдық міндеттері: Ұлттық статистика бюросының халықаралық ынтымақтастығы бойынша қызметті жоспарлау. Шетелдік статистика ұйымдарымен ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыру перспективаларының мониторингі.          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;  гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); білім  (шетел тілі: екі шетел тілі);  құқық (халықаралық құқық); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика, демография, аймақтану) салаларында.

 

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

 

Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс  мекен-жайы бойынша өтеді.                  

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz

 

Дата публикации
01 сентября 2021