Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы «__» ____________
№ ____бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлттық шоттар департаменті туралы ереже
(№16-3-22)
1)Экономикалық баланстар басқармасы;
2)Ағымдағы шоттар басқармасы;
3)Жинақтау және қосалқы шоттар басқармасы;
4)Құрылымдық статистика басқармасынан тұрады.
1) Ұлттық шоттар, конъюнктуралық зерттеулер, құрылымдық статистика саласындағы статистикалық жұмыс жоспарының, стратегиялық және операциялық жұмыстар жоспарларының уақытылы және сапалы орындалуы бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру.
2) Елде болып жатқан экономикалық, әлеуметтік процестерге және олардың даму тенденцияларына жан-жақты және объективті зерттелуге, жалпылауға және талдау.
3) Ғылыми әдістемелер мен халықаралық стандарттар негізінде ұлттық шоттар, конъюнктуралық зерттеулер және құрылымдық статистика көрсеткіштерінің бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйесінің қызметін және жетілдірілуін қамтамасыз ету.
4) Ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және беру бойынша статистикалық байқаулар мен ақпараттық технологиялардың заманауи әдістерін енгізу.
5) Алғашқы статистикалық деректердің құпиялығын Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету.
6) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, Бюро басшылығының шешімдерін орындау.
6.Құқықтары мен міндеттері:
1) аймақтық бөлімшелерінен, және Бюроның басқа да құрылымдық бөлімшелерінен статистикалық жұмыстар жоспарымен белгілінген көлемде және мерзімде анықстатистикалық ақпарат, талдамалық материалдар және басқа да ақпаратты алу;
2) министрліктер мен ведомстволардан макроэкономикалық көрсеткіштерді қалыптастыруға арналған статистикалық ақпаратты, сонымен қатар мемлекеттік статистика органдарының мәліметтерін қайталамайтын басқа да ақпаратты сұратады және алады;
3) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар өткізеді, зерттеулер бағдарламаларын, оларға нұсқаулықтар мен құралдарды, әдіснамалық құжаттар, ұйғарынды материалдарының түрі мен құрамын дайындайды және бекітеді;
4) статистикалық ақпараттың мерзімді тексеру, қорытындылар жасау және қателерді жою мен алдында ұсынылған алғашқы және жиынтық материалдарға тиісті нақтылаулар енгізу туралы нұсқаулар беруді жүзеге асырады;
5) макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеуде және «ресурстар-пайдалану» және «шығыстар-шығарылым» кестелерін құруда пайдаланылатын жиынтық деректерді есепке алу, олардың құрамы мен салалық статистика көрсеткіштерінің нақтылануын қалыптастыру бойынша талаптарды әзірлейді;
6) Бюроның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп талдамалық жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
7) Департамент алдына қойылған мақсаттарды және жүктелген фунцияларды іске асыру мақсатында қажетті құжаттарға, соның ішінде Бюроның құрылымдық бөлімшелері, олардың аумақтық бөлімшелері және Бюроға қарасты ведомствалық бағынысты кәсіпорындардың материалдарына (құжаттарына) қол жеткізуге рұқсат алу;
8) Бюро өткізетін мәжілестерді, семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру және қатысу, сонымен қатар мемлекеттік органдар өткізетін ұқсас іс-шараларға Департамент құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қатысу;
9) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында халықаралық жобаларға, жұмыс топтарына және басқа да іс-шараларға қатысады;
10) Бюро жұмысының ұйымдастырылуын және әдістерін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;
11) заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарға (Бюро актілеріне) өзгеріс енгізу немесе күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;
12) Бюро актілерімен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды іске асырады;
13)алғашқы статистикалық деректерді және (немесе) алынған әкімшілік деректерді қорыту және талдау, техникалық тапсырмаларды әзірлеу және белгіленген тәртіппен талдамалық шешімдер қабылдау, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) статистикалық ақпаратты тарату.
1) ұлттық шоттар, конъюнктуралық зерттеулер, құрылымдық статистика саласындағы статистикалық қызметтің стратегиясын, мақсаттарын, басымдықтарын анықтайды, мемлекеттік статистиканың дамуы бойынша іс шаралар мен шаралар әзірлейді;
2) Әдіснамалық Кеңеске және Бюроның Алқа мәжілісінде, талқылауға материалдар дайындайды;
3) Департаментпен (Бюро) ұйымдастыртын мәжілістерге, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындайды;
4) Бюро шығаратын статистикалық жинақтардың бөлімдерін, анықтамалықтарды, талдамалық баяндамаларды, экономикалық шолуларды және басқа да материалдарды дайындауға, экономикалық журналдарға және басқа да БАҚ-қа материалдар ұсынады.
5)әлеуметтік-экономикалық даму тенденцияларын зерттеу, талдамалық және өзге де материалдар дайындайды;
6) зерттеулер мен моделдеу нәтижелері, «ресурстар-пайдалану» және «шығыстар-шығарылым» кестелері, үш әдіспен ЖІӨ-ні есептеу бойынша, ҰШЖ ағымдағы шоттарынқұру, ҰШЖ-ның жинақтау және қосалқы шоттарын құру бойынша, құрылымдық статистика бойынша талдамалық және басқа да ақпараттық материалдар дайындауды ұйымдастыру;
7) жарияланымға арналған материалдар тізбесін, құрылымын және түрін анықтайды, мемлекеттік органдарға ақпарат ұсынудың уақытылығы мен толықтығын, пайдаланушылардың басқа санаттарына жиынтық статистикалық ақпараттың қолжетімділігі мен айқындылығын қамтамасыз етеді.
8) конъюнктуралық зерттеулерді жүргізу және үлгілерді құру, «ресурстар-пайдалану» және «шығыстар-шығарылым» кестелерін құру, ҰШЖ ағымдағы шоттары және қызмет түрлері бойынша ЖІӨ есептерін (өндіріс, табыстар, түпкілікті тұтыну әдістерімен) құру, ҰШЖ-нің жинақтау және қосалқы шоттарын құру, құрылымдық статистика бойынша әдістемелер, әдістемелік және нұсқамалық материалдар әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және бақылайды.
9) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес ҰШЖ-ның біріктірілген шоттары, «ресурстар-пайдалану» және олардың сапасын, бейтараптылығын, сенімділігін, тәжірибелік жарамдылығын қамтамасыз ететін «шығыстар-шығарылым» кестелері көрсеткіштерінің құрылуы, статистикалық әдіснамасыны әзірлейді;
10) Ұлттық шоттар статистикасы және құрылымдық статистика бойынша жаңа тәсілдерді әзірлейді және халықаралық әдіснамалық ұсынымдарды енгізеді, оларды статистикалық қызмет практикасына енгізеді;
11) конъюнктуралық зерттеулерді жүргізу және моделдерін құру, «ресурстар-пайдалану» және «шығыстар-шығарылым» кестелерін құру,
ЖІӨ-нің үш әдіспен есептеулері, ҰШЖ ағымдағы шоттарының құрылуы, ҰШЖ-ның жинақтау және қосалқы шоттарын құру, құрылымдық статистиканыңкөрсеткіштерін қалыптастыру мәселері бойынша Бюроның құрылымдық бөлімшелерімен, министрліктермен және ведомстволармен, ғылыми ұйымдармен өзара іс-қыймыл;
12) қолданыстағы шарттар бойынша міндеттемелерге сәйкес және Халықаралық салыстыру бағдарламаларына еліміздің қатысу мақсаттары үшін халықаралық ұйымдарға статистикалық ақпарат ұсынады;
13) ТМД елдері және шетел елдерінің статистикалық офистерімен қарым-қатынасты жүзеге асырады, ұлттық шоттар мен құрылымдық статистика мәселелері бойынша халықаралық жобаларды іске асыруға қатысады.
14) құрылымдық статистика конъюнктуралық зерттеулер бойынша статистикалық байқаулардың жалпымемлекеттік бағдарламаларынәзірлейді және енгізеді, ҰШЖ әдіснамасы негізінде ұлттық шоттар мен экономикалық баланстарды қалыптастырады;
15) статистикалық есептілік нысандарын әзірлеуге статистикалық есептілік нысандарына талдау жүргізуге қатысады;
16) ұлттық шоттар әдіснамасына сәйкес деректерді ұсыну бойынша талаптарды әзірлеу арқылы өз құзыреті шегінде салалық департаменттердің жұмысын үйлестіреді;
17) әдіснамалық және практикалық көмек көрсету арқылы өз құзыреті шегінде өңірлік статистикалық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді.
18) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы»
Заңына сәйкес алғашқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
19) Департамент құзыретіне кіретін жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлейді;
20) нормативтік-құқықтық актілер,әдістемелер,әдістемелік ұсынымдардыңжобалары бойынша қорытынды жасауға қатысады;
21) ведомстволық статистиканы ұйымдастыру мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіреді, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамалық және нормативтік актілердің жобалары бойынша ұсыныстар мен қорытындылар (ескертулер) дайындайды;
22)өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді, оларды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыруды, мүдделі мемлекеттік органдармен талқылауды, келісуді және тиісті қорытындыларды (Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және осы орган жанындағы Сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын), сондай-ақ осы орган жанындағы Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын және «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы алуды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес бекітуге;
23) нормативтік емес құқықтық актілерді әзірлеуді қамтамасыз етуге;
24) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оларды тіркеуді талап етпейтін нормативтік құқықтық актілерді Эталонды бақылау банкіне жолдау және орналастыруды қамтамасыз етеді.
25) өз құзыреті шегінде Департаменттің және Бюроның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыруға қатысады;
26) Бюроның аумақтық бөлімшелерімен, министрліктермен және олардың ведомстволарымен Ұлттық шоттар статистикасы мен құрылымдық статистика деректерінің дәйектілігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер мен семинарлар өткізуге қатысады;
27) Департамент міндеттерінен туындайтын өзге де функцияларын жүзеге асырады.
11.Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басқаруды жүзеге асырады,оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
___________________________