ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВТЫҢ ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНА ЖАУАПТЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕҢЕСІНДЕГІ БАЯНДАМАСЫНАН

«Қазіргі таңда Қазақстанда 15 спорт клубы, 3 мектеп, 1 спортты дамыту дирекциясы және Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар таяуда олимпиадалық дайындық базасы іске қосылды. Бұл спорт кешені ауқымы бойынша ТМД-дағы ең ірі спорттық ғимараттардың бірі. Мұнда оқу-жаттығу жиындарын, емдеу-сауықтыру шараларын, халықаралық және республикалық жарыстарды өткізуге арналған 9 жабық ғимарат орналасқан. Нысанда спорттың 23 түрі бойынша олимпиадалық резерв пен ұлттық құрама командалары даярланады. Осы орайда мен сіздердің елдеріңіздің спортшыларын аталған спорт кешенінде бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуге шақырамын»
ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты басшыларының кеңесіндегі баяндамасынан
24 мамыр 2024 жыл.