«Дала Қырандары» қоғамдық қорының өкілі Н.Тұрсынғазиевтің кеңейтілген алқа мәжілісіндегі баяндамасы

«Дала Қырандары» – елге танымал спортшылардың бастамасымен құрылған жастар қоғамдық бірлестігі.
Басты мақсатымыз – жастарды жан-жақты дамыту, әлеуметтік ортаға бейімдеу және өзара қолдау мәдениетін қалыптастыру.
Сонымен қатар, біз жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға басымдық береміз.
Бұқаралық спортты дамытудағы үк іметтік емес ұйымдардың рөлі туралы айтқанда мемлекеттік саясат пен халықтың нақты сұранысы тоғысқан тұста үкіметтік емес ұйымдар тиімді жұмыс істей алатынын ерекше атап өткен жөн.
Үкіметтік емес ұйымдарда икемділік, тікелей байланыс, жергілікті қауымдастықтардың сенімі және жұмыс форматтарын жылдам бейімдеу мүмкіндігі бар.
«Бұқаралық спортты дамыту мен насихаттаудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі туралы»